конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстан мен Татарстан сауда ынтымақтастығын кеңе...

Қазақстан мен Татарстан сауда ынтымақтастығын кеңейтудің Жол картасын әзірлеуде

Экономика 30.07.2021, 16:43 2,015
Қазақстан мен Татарстан сауда ынтымақтастығын кеңейтудің Жол картасын әзірлеуде
Сурет: ҚР Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметі

Екі жақтың кездесуі Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің жәрдемімен ұйымдастырылды. 


ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Татарстан Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Марат Зяббаровпен өнеркәсіптік кооперация мен агроөнеркәсіптегі ынтымақтастықтың келешегін талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Атап айтқанда, кооперация бағыттарының бірі сүтті мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық және Қазақстан аумағында сүтті терең өңдеу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру болуы мүмкін. Оның ішінде шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталықтары базасында. 


Тараптар сондай-ақ Халал және органикалық өнімдерді өндіру және ілгерілету, сондай-ақ халал/органик өнімдерін сертификаттау және аккредиттеу жүйелерін құру саласында тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады. 



«Біз осы бағытта бірлесе жұмыс істеп, Халал өнімдер бойынша бірыңғай стандарттауды пысықтауымыз керек. Оның ішінде үшінші елдердің нарығына шығу мүмкіндігі үшін сәйкестікті тану тұрғысында» – деп атап өтті Қайрат Төребаев. 



Сонымен бірге, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі және екі жақты тауар айналымын арттыру әлеуеті талқыланды. 


Атап айтқанда, қазақстандық делегация Татарстанның Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрін ҚР-дан 396,3 млн.доллар сомасында экспорт номенклатурасын кеңейту мүмкіндігі туралы хабардар етті. 


Өнімдер тізбесіне түрлі салалардағы 100-ден астам шикізаттық емес тауарлар кіреді. 



«Біз Татарстанға Қазақстаннан тамақ өнеркәсібінің өнімдерін, атап айтқанда: шикі рапс майы, макарон өнімдері, күріш, қант, кондитерлік өнімдер және т.б. әкелуді ұйымдастыруды ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Қазақстан іс жүзінде барлық салаларда ынтымақтастық мүмкіндіктерін көріп отыр және татарстандық тұтынушыға сапалы тауарлардың кең спектрін ұсынуға дайын», - деп хабарлады ҚР Сауда және интеграция вице-министрі. 



Тараптар сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту және фермерліктің сауда желілерімен тиімді өзара іс-қимылын қалыптастыру тәжірибесімен алмасты, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың өзара тәжірибесін талқылады. Қайрат Төребаев татарстандық әріптесін Ұлттық тауар өткізу жүйесін құрудың қазақстандық жобасы туралы хабардар етті. 


Кездесу қорытындысы бойынша тауар өткізу жүйелерін дамыту бойынша «сағаттарды салыстыру» уағдаластығына қол жеткізілді. Тараптар Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және түрлі салаларда тәжірибе алмасу жөніндегі Жол картасын әзірлеу туралы шешім қабылдады. Жақын арада сарапшылық деңгейде жұмыс тобын құру жоспарлануда.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #татарстан #сауда #ынтымақ #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы экобекеттерінде жыл басынан бері көлік шығарындыларының белгіленген нормадан асқан 13 мыңнан астам жағдайы анықталды

Кеше 17:01

Алматы педагогі «Ұстаз мәртебесі – Ұлт мерейі» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Кеше 16:55

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтуде

Кеше 16:29

Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасуда

Кеше 16:16

Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама дайындалды

Кеше 15:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);