AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан кәсіпорындары ЕАЭО-ның жаңа кооперациялы...

Қазақстан кәсіпорындары ЕАЭО-ның жаңа кооперациялық жобаларына қатысады

Саясат Бүгін 08:45 40
Қазақстан кәсіпорындары ЕАЭО-ның жаңа кооперациялық жобаларына қатысады
Сурет: primeminister.kz

Мұндай шешім онлайн форматта өткен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті отырысында қабылданды. Комиссияның Қазақстан тарапын Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин басқарды.

Атап айтқанда, Мәскеу облысында АКРУС лак-бояу өнімдерін өндіретін кәсіпорын салу жөніндегі кооперациялық жоба сөз болды. Мұнда қолданыстағы аналогтармен салыстырғанда коррозия мен от әсерінен қорғау сипаттамалары жоғары лак-бояу материалдарын шығару жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру бес жылға есептелген және оның жұмысы биыл басталады.

Жобаға Беларусьтің «Орион-ВК» ғылыми-өндірістік кәсіпорны, материалдар мен технологиялық жабдықтардың бір бөлігін жеткізуді қамтамасыз ететін қазақстандық «ASYL CONSTRUCTION» ЖШС және ресейлік «АКЗ покрытия» ЖШҚ қатысады.

Тағы бір жаңа кооперациялық жоба Самара гипс комбинаты базасында жаңа араластыру желісін салуды көздейді. Жоба барысында құрылыс және арнайы мақсаттағы құрғақ қоспалар өндірісін жылына 75,5 мың тоннаға ұлғайту қарастырылған. Қазақстан тарапынан жобаға инженерлік және құрылыс қызметтерін көрсететін «Элита» ЖШС, ал Беларусь тарапынан «Ремеза» ЖАҚ қатысады. Осы жобаны іске асырудан түсетін салық түсімдері есебінен Қазақстан бюджеті үшін болжамды экономикалық тиімділік шамамен 180 млн теңгені құрамақ. 

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы Ақмола облысында ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша кооперациялық жоба мақұлданды.

ЕАЭО-дағы кооперациялық жобалар жобаны іске асыруға берілетін қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау есебінен төмендетілген мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыру алады. Бұл жобалар технологиялық дамуға және өндірістің жаңа модельдерін қалыптастыруға, сондай-ақ экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал етуге бағытталған. Кеңес отырысында аграрлық салаға қатысты бірқатар құжаттарға да түзетулер қабылданды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттық егістіктерін далалық апробациялау әдісіне өзгерістер енгізу туралы сөз болды. Бұдан бөлек, ЕАЭО елдерінің кедендік шекарасы мен аумағында карантинге жатқызылатын өнімдер мен объектілерге қойылатын Бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Олар қызанақ, бұрыш және баклажан бейім келетін пепино мозаикасы вирусына қатысты карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдануды оңтайландыруға бағытталған.

Елдегі карантиндік фитосанитариялық қауіпсіздіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету шартымен аталған өнімдерде осы вирустың болмауы туралы талапты алып тастау көзделіп отыр. Сондай-ақ ЕАЭО елдерінің кедендік шекарасы мен аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауға жататын карантинге қойылатын өнімдер тізбесіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, Бірыңғай талаптарда көзделген таңбасы болған жағдайда, ағаштан жасалған қаптама және бекіту материалдарына фитосанитариялық сертификатты міндетті түрде ресімдеу талабы жойылады.

Бұл өзгерістер ЕАЭО елдерінің аумағында тиісті өнімдерді өндіру және саудалау үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Кеңес отырысында Кеден одағының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне де өзгерістер қабылданды. Түзетулер 14 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарға қойылатын міндетті талаптарды белгілейді және тұтынушыларды өнім туралы дәйексіз ақпараттан қорғауға, сондай-ақ белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмейтін ойыншықтардың айналымға шығарылуына жол бермеуді қарастырады.

Тараптар сондай-ақ басқа да салалар мен Комиссияның қызметіне қатысты бірқатар өзге де рәсімдік мәселелерді талқылап, олар бойынша шешімдер қабылдады.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #экономика #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:06

Алматыда 2026 жылдың басынан бері 53 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Бүгін 09:04

Тоқаев Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады

Бүгін 05:00

«Заң мен Тәртіп»: студент жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттырды

Кеше 20:02

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақаттан кейін ер адамды толық қалпына келтірді

Кеше 18:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);