AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингіс...

Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісіне енді

Экономика 09.06.2022, 04:34 1,247
Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісіне енді
Сурет: Egemen.kz

Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 35-ші орынға ие болды.


Қазақстанның Нидерландыдағы Елшісі Асқар Жұмағалиев Корольдік индустриялық клуб мүшелерін инвестициялау үшін қызықты секторлармен, сондай-ақ мемлекеттің одан арғы даму бағыты жөніндегі жоспарларымен таныстырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Дипломат Қазақстан бизнес үшін күшті және бәсекеге қабілетті орта құруға ерекше назар аударатынын атап өтті. Өз сөзін растау ретінде ол жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісін мысалға келтірді, онда Қазақстан 35-ші орынға ие болды.



«Дүниежүзілік банктің соңғы есебіне сәйкес, Қазақстан бизнес жүргізу бойынша 190 елдің ішінде 25-ші орында», - деді А.Жұмағалиев.



Елші салық жеңілдіктері туралы хабарлап, әлеуетті инвесторлардың назарын аударды.



«Мен бұрын айтып өткен қаржылық және экономикалық тұрақтылықтан басқа, ел түрлі салаларда жан-жақты мемлекеттік қолдау ұсынады. Біз корпоративті табыс салығынан, жер салығынан, мүлік салығынан босату және фискалдық емес ынталандыру: жер учаскесі мен инфрақұрылым сияқты салықтық жеңілдіктерді қамтитын инвестициялық жобаларға қолдау көрсетеміз», - деді ол.



Дипломат сондай-ақ инфрақұрылым мен инвестициялық преференциялардың кең спектрін ұсынатын бүкіл Қазақстан бойынша орналасқан 13 арнайы экономикалық аймақ, 36 өнеркәсіптік аймақ туралы айтып өтті. А.Жұмағалиев атап өткендей, Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақ елдерін, Қытай мен Каспий бассейнін қоса алғанда, миллиардтан астам тұтынушылардың нарыққа тікелей қолжетімділігі бар. Сонымен қатар, елде көлік инфрақұрылымы жақсы дамыған.



«Менің ойымша, бұл себептер Қазақстанның инвесторлар үшін неліктен тартымды екеніне жауап бола алады. Сондықтан Нидерланд Қазақстандағы бірінші нөмірлі шетелдік инвестор деп ойлаймын. Патшалық біздің елге 105 миллиард доллардан астам инвестиция салды», - деп түйіндеді ол.



Корольдік клуб мүшелері преференциялардан басқа, кадр мәселелері, ағылшын тілін меңгеру деңгейі, Қазақстанның климаттық ерекшеліктері және елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы алаңдады. Асқар Жұмағалиев референдум, оны өткізу нәтижелері және Конституцияға енгізілетін түзетулерге әкеп соқтыратын өзгерістер туралы да хабардар етті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаһандық бәсеке #рейтинг #қабілеттілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Кеше 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Кеше 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Кеше 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Кеше 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Кеше 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);