AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қазақстан ІІМ адамдарды есірткі желісіне тартудың...

Қазақстан ІІМ адамдарды есірткі желісіне тартудың халықаралық арнасын жойды

Заң мен тəртіп Бүгін 15:05 47
Қазақстан ІІМ адамдарды есірткі желісіне тартудың халықаралық арнасын жойды
Polisia.kz

Ауқымды арнайы операция бірнеше мемлекеттің аумағын қамтыды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Операция Украина және Албанияның құқық қорғау органдарымен, Қазақстан мен Украинаның бас прокуратураларымен, Интерпол және АҚШ-тың Есірткіге қарсы күрес басқармасымен бірлесіп жүргізілді.

Қылмыскерлер заңды жұмысқа орналастыруды желеу етіп, call-орталық операторларын, HR-менеджерлерді, химиктерді, курьерлерді, есірткі жасырушыларды, логистер мен қойма қызметкерлерін тартқан. Адамдарға оңай табыс табуды уәде етіп, іс жүзінде оларды халықаралық есірткі бизнесіне араластырған.

– Қылмыстық құрылымда рөлдер нақты бөлінген. Оны көршілес мемлекеттің 36 жастағы азаматы ұйымдастырған. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі операцияның барлық негізгі кезеңдеріне қатысты, - деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Қылмыстық әрекетті құжаттау барысында Украинада адамдарды заңсыз әрекетке тартумен айналысқан call-орталықтарда 26 тінту жүргізіліп, төрт мыңға жуық цифрлық айғақтар тәркіленді. Оларды талдау нәтижесінде Telegram желісіндегі 31 есірткі дүкені, қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар және онда тартылған жүздеген адам анықталды. Олардың Қазақстан аумағында есірткі таратуға қатысы бар-жоғын ІІМ қызметкерлері тексерді.

Мамыр айында операцияның кезекті белсенді кезеңі өтті. Қазақстан ІІМ өкілдерінің қатысуымен Киев қаласы мен Киев облысында 70 тінту жүргізіліп, адамдарды қылмысқа тартумен айналысқан call-орталықтардың қызметі тоқтатылды және қылмыстық қоғамдастықтың 27 белсенді мүшесі анықталды.

Шілде айында Қазақстан аумағында украиналық құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен тағы 15 тінту жүргізілді. Елімізде есірткі сатуға қатысы бар желі мүшелері ұсталды.

– Қылмыстық құрылым ішінде қатаң ережелер болған. Қылмыстық әрекеттен бас тартуға тырысқан адамдарға айыппұл салынған, оларды ұрып-соғып, заңсыз ұстап отырған. Тартымды көрінетін бос жұмыс орындарының артында адамды есірткі бизнесіне тарту тұрған. Ал адам бұл іске кіргеннен кейін одан шығуға мүмкіндік бермеген, - деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Операцияның қорытынды кезеңінде Украинаның бес облысы мен Киев қаласында тағы 35 тінту жүргізілді. Азаматтарды қылмысқа тартумен айналысқан халықаралық желінің екі буыны жойылды.

Құрамында синтетикалық есірткі бар 24 келі қоспа, 3,5 мыңнан астам қолдан жасалған шылым және өлшеп салынған екі мыңға жуық пакет тәркіленді. Жеті адам ұсталып, қылмыстық схемаға қатысқан тоғыз адамға айып тағылды.

– Бұл сандардың артында таралмаған мыңдаған есірткі дозасы тұр. Бұл адамдардың денсаулығын сақтап қалу, отбасыларды есірткіге тәуелділіктен қорғау және азаматтарды қылмыстық бизнеске тартылудан аман алып қалу деген сөз. Халықаралық желіні ұйымдастырушылар мен оның барлық қатысушыларын анықтау бойынша жұмыс жалғасуда, - деді спикер.

ІІМ азаматтарды интернеттегі оңай табыс туралы ұсыныстарға сенбеуге шақырады. Тартымды ұсыныстардың артында халықаралық есірткі желісі тұруы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай облысында сотталған азамат некесін қиды

Бүгін 16:06

«Мектепке қауіпсіз жол республикалық отбасылық челленджі басталады

Бүгін 16:05

Алматының бас полицейі бірінші сынып оқушыларымен кездесті

Бүгін 15:24

Жасөспірімдерді есірткі қылмысынан қорғау: Алматыда профилактикалық жұмыстар күшейтілуде

Бүгін 14:39

Жезқазғанда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаттары өтуде

Бүгін 14:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);