Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстан Африкаға бітімгерлерін жібереді

Қазақстан Африкаға бітімгерлерін жібереді

Әлем 30.06.2022, 05:48 1,292
Қазақстан Африкаға бітімгерлерін жібереді
Сурет: Regnum

Қазір Батыс Сахарада 6, Ливандағы уақытша күштерде 9 әскери қызметші қызмет атқарып жүр.


Парламент Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 430 әскери қызметшіні БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына жіберу туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Парламенттің бірлескен отырысында Мемлекет басшысының қазақстандық әскерилерді бітімгерлік миссияларға жіберу туралы ұсынысы қаралды. Президенттің ұсынысын Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов оқып берді.


Айтуынша, қазіргі уақытқа дейін Қарулы Күштердің әскери қызметшілері, Парламент қаулыларына сәйкес, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемені орындау үшін БҰҰ бітімгершілік миссияларына жіберіліп отырды. Қазір Батыс Сахарада 6, Ливандағы уақытша күштерде 9 әскери қызметші қызмет өткеріп жатыр.



«Өңірде және әлемде болып жатқан соңғы оқиғалар қауіпсіздікке төнетін сын-қатерді жоққа шығармайды. Осыған байланысты әскердің жауынгерлік әзірлігін одан әрі нығайту, қазіргі сын-қатерге қарсы әрекет етуде тәжірибе жинақтау мәселесі өзекті болып отыр. Осы тұрғыда, Ұйым жарғысының жетінші тарауына сәйкес, Қарулы Күштердің Орталық Африкада, Конго Демократиялық Республикасында, Малиде бітімгершілік миссияға қатысуын кеңейтуді орынды деп санаймын», - делінген Президенттің ұсынысында.



Қазақстан штаб офицері, әскери байқаушы ретінде қазіргі уақытта миссияда анағұрлым тапшы болып табылатын жаяу әскер, медициналық, барлау, инженерлік, әскери полиция бөлімшесін бөлуге дайын. Бұл тәжірибе әскеріміздің жауынгерлік даярлығын жетілдіру, оларды одан әрі дамыту бойынша ұсыныс дайындау үшін қолданылады.


Осының негізінде, Конституцияның 53-бабына сәйкес, бітімгершілік контингент - жалпы саны 430 әскери қызметшіні:


Орталық Африкадағы тұрақтандыру жөніндегі миссияға;


Конго Демократиялық Республикасындағы тұрақтандыру жөніндегі миссияға;


Малидегі тұрақтандыру жөніндегі миссияға;


«Ливандағы уақытша күштер» миссиясына жіберу туралы ұсыныс енгізілді.


Парламент депутаттары Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысын қолдады.


Айта кетері, 2014 жылдан бастап 45 офицер Батыс Сахарадағы, Кот-д’Ивуардағы, Ливандағы миссияға әскери байқаушы және штаб офицері ретінде, 2018 жылдан бастап 520 әскери қызметші бітімгершілік бөлімше құрамында «Ливандағы уақытша күштер» миссиясына қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бітімгер #Африка #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әйелін ұрған алматылық кәсіпкер қамалды

Бүгін 09:43

Алматыда телефон арқылы жасалған жалған лаңкестік хабарлама дерегі анықталды

Бүгін 09:35

Жастар санасын қорғау – экстремизм мен терроризмнің алдын алудың басты бағыты

Бүгін 09:23

Ауа райына байланысты 6 облыстың жол қозғалысы шектелді

Бүгін 09:07

Бүгін еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі