конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қазақ киносының күні жаңа медианың да күні ме?

Қазақ киносының күні жаңа медианың да күні ме?

Мұны білген жөн 21.07.2025, 23:21 738
Қазақ киносының күні жаңа медианың да күні ме?
UnicoPlay

12 қыркүйек – бұл күнді қазақ киносының ғана емес, жаңа медиа мен түпнұсқа контент дәуірінің бетбұрыс сәті ретінде қабылдайтындар көбейіп келеді. Себебі дәл осы күні экранға емес, санаға бағытталған жаңа бір бастама жолға шығады. Ол бастама – өзімізді тануға, өз тілімізде сөйлеуге және өз үнді естуге мүмкіндік беретін алаң.

Кейінгі жылдары қазақ тіліндегі сапалы контент көбейе бастады. Бұған қоғамда қалыптасқан сұраныс қана емес, жаңа буын продюсерлер мен шығармашылық жетекшілердің де ықпалы зор. Солардың бірі – Анар Жүнүсова. Ол жетекшілік етіп отырған медиа жобалар шын мәнінде ұлттық кино мен заманауи стриминг арасындағы көпірге айналып келеді.

Қыркүйектен бастап көрерменге ұсынылатын жобалардың арасында түпнұсқа сериалдар, әлемдік киноиндустрияның дубляждалған үздік үлгілері, спорт трансляциялары, балаларға арналған қазақша медиатека сынды түрлі форматтағы контент бар. Айрықша атап өтерлігі – бұл мазмұн тек көңіл көтеру үшін емес, таным мен тәрбиені де қатар алып жүретін сипатқа ие.

Осы бастамалардың бірінде мыңнан астам автор мен талант иелері тоғысқан. Ержанов пен Нұрғалиев, Сатыбалды мен Шемес, Ақмолда мен Оразғалиева сияқты танымал тұлғалар жаңа контент өндіруде бас қосты. Бір жобаның өзі MIPCOM секілді халықаралық нарықта мойындалып, тіпті Голливуд сахнасынан да орын алды. Бұл – бұрынғы елес, бүгінгі шындық.

Жаңа платформа туралы сөз қозғағанда, оның артында тек көрерменге бағытталған өнім ғана емес, толыққанды шығармашылық инфрақұрылым жатқанын байқаймыз. Кино түсіру студиясы, дубляж цехы, құқықтарды халықаралық нарыққа шығару жүйесі – бәрі бір орталықтан өрбиді. Бұл – бір ғана қызмет емес, тұтас экожүйе. Ал бұл экожүйенің жүрегінде өзекті идея бар: өз тілімізде өз шындығымызды айту.

12 қыркүйек – жай күн емес. Бұл – жаңа буын медианың алғашқы қадамына куә болатын сәт. Экраннан өз даусыңызды естігіңіз келсе – бағыт белгілі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кино #фильм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауынан жақсылық күтеді – қоғамдық пікір зерттеуі

Бүгін 17:14

Алатау ауданы Алматыдағы өнеркәсіп өндірісінің 44%-дан астамын қамтамасыз етіп отыр

Бүгін 17:05

Алматыда Спорт күніне орай ауқымды спорттық іс-шаралар бағдарламасы өтеді

Бүгін 16:31

Алматыдағы үлкен кәсіпорындар сайлауға қатысуға шақырды

Бүгін 16:21

Сайлау учаскеңізді қалай табасыз?

Бүгін 15:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);