Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Лайфстайл / Қазақ дәстүрі: байғазы қашан, ал көрімдік кімге бе...

Қазақ дәстүрі: байғазы қашан, ал көрімдік кімге беріледі?

Лайфстайл Бүгін 12:42 23
Қазақ дәстүрі: байғазы қашан, ал көрімдік кімге беріледі?
Сурет: Жасанды интеллект, Aqshamnews.kz.

Қуанышты хабар сұрай келген адамға, сүйінші сұраған жанға келгенде қазақ қашан да жомарт, қолы ашық. Дүниеге сәби келгенде, келін түскенде халқымыз бөркін аспанға атып қана қоймай, жақсы хабар жеткізген адамға мал атап, бағалы зат сыйлаған.

Бірде інім бала кезінде көптен күткен велосипедіне қол жеткізді. Қуанышы қойнына сыймай, атамызға жүгіріп барған сәтте атамның: «Байғазысы менен» дегені есімде қалыпты. Ол кезде байғазының нақты мәнін түсінбесек те, жаңа алынған затқа берілетін сый екенін шамалағанбыз. Бүгінде көпшілік бұл жоралғыны көрімдікпен шатастырып жатады. Сондықтан осы екі салттың ара-жігін ажыратып, оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Байғазы деген не?

Байғазы дәстүрі көрімдік сияқтыкең таралмағанымен, ертеректе жиі қолданылған. Жаңа заттың иесі оны туыстарына көрсетіп, «байғазы беріңіз» деп сұраған.

Егер біреу жаңа киім кисе:
– «Жасың ұзақ болсын, киімің тозғақ болсын» деп тілек айтқан.

Ал ер бала жаңа ер-тоқымын көрсетсе:
– «Мінісің көп болсын, дұшпаның жоқ болсын» деп бата берген.

Байғазы ретінде теңге, бағалы бұйымдар, қозы-лақ сияқты төрт түлік те сыйланған.

Белгілі жазушы, қоғам қайраткері, ұлттық дәстүрлерді насихаттаушы Зейнеп Ахметова байғазыға былайша анықтама береді:

«Байғазы – жаңа нәрсеге, жаңа киімге, жаңа затқа берілетін кәде. Әсіресе кішкентай балалар жаңа киім киген кезде жүгіріп үлкендерден байғазы сұрайды. Ол мін емес. Қайта үлкендердің оны елемеуі мін болады. Бір бала қуанса, бір гүл қауашақ ашады дейді халқымыз. Баланың көңілін марқайту – тәрбиенің бір бөлігі».

Зейнеп Ахметованың айтуынша, әжелердің «киімің тозғақ, өмірің озғақ болсын» деуі осы дәстүрден қалған. Ал жеңгелері болса әзілдеп «Байғазыңа байдың қызын әперем» дескен.

Оның сөзінше, кейінгі кезде байғазы ұғымы сирек қолданылып, көрімдікпен бір саналып кеткен.

«Байғазыны апарып, көрімдікке теліп жібердік. Келін келді, көріңіз, көрімдігін беріңіз деп айтамыз. Көрімдік жаңа түскен келінге, ауылға алғаш келген күйеу балаға, жаңа туған сәбиге беріледі. Көрімдік – жандыға, ал байғазы – жансыз нәрсеге беріледі», – дейді ол.

Жас ерекшелігі тұрғысынан айырмашылық

Көрімдік пен байғазының басты айырмашылығы неде екенін этнограф-зерттеуші Марат Тоқашбаевтан сұрап көрдік.

«Байғазы мен көрімдік мағынасы жағынан бір сый. Бұларды ерекшелейтін – жас айырмашылығы», – дейді зерттеуші.

Оның айтуынша, кәмелет жасына толмаған балаға (15-16 жасқа дейінгі) қазіргі заманға сай айтқанда, жаңа киім, ойыншық, велосипед сыйланса, соған берілетін сый – байғазы. Ал ересек адам үй сатып алса немесе келін түсірсе, оған берілетін сый – көрімдік.

Демек, Зейнеп Ахметова апамыз бен Марат Тоқашбаев ағамыздың байғазы көбіне балаға берілетін сыйлық ретінде қалыптасқан деуі көңілге қонады.

Байғазы – үлкен кісілердің өздерінен кішіге беретін сый-сыяпаты. Байғазы жансыз затқа сұралады. Сондай-ақ бала ең алғаш рет атқа отырған кезде де байғазы сұраған. Көбінде бұл салт жасөспірім балақайлар жаңа киім алғанда орындалады. Жаңа киімді болған балаға ата-аналары: «Барып, байғазыңды алып қайт», – деп көрші-қолаң мен жақын тұратын ағайын-туыстарына жүгіртіп жіберген. Сонда әлгі бала:

«Киімімді көріңіз,

Етегіме төгіңіз.

Барар жерім әлі көп

Байғазымды беріңіз!», – деген сияқты өлең-шумақтарын жаудырып, үй аралайды. Үлкен кісілер балақайға жаңа киімнің жарасып тұрғанын айтады. Байғазыға қолында барын берген: теңге, тана, маржандар. Халқымыз байғазы сұрап келген жеткіншектердің бетін қайтармаған. Ештеңесі болмай бара жатса, қолына бауырсақ, кәмпит не басқа тәттілерді ұстатып, «байғазың мойнымда», – деп жіберген. Байғазы сұрап келген ұл болса, «байғазыға байдың қызы», – деп қайтарады. Мұның барлығы жерде қалмай, артынан міндетті түрде бір сыйлық беріледі. Көне заманда байғазы ретінде ұл балаға қамшы, жүген-ноқта, мүлік беріліп, қыздарға түрлі әшекей бұйымдар, моншақ сыйға тартылған деген де деректер бар.

Көрімдік – қуанышқа ортақтас екенін білдіру үшін берілетін сый. Сәби дүниеге келгенде, жас келін түскенде, мал төлдегенде туған-туыс, дос-жаран, көршілердің тарапынан көрімдік сыйы берілген. Қазақ халқы көрімдік беру арқылы жақын туыстардың арасындағы сыйластық пен адамгершілік артып, татулық пен бірлік нығая түседі деп сенген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көрімдік #байғазы #салт-дәстүр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов: жаңа Конституция әлеуметтік кепілдіктерді сақтап, заман талабына сай нормаларды бекітеді

Бүгін 15:49

Рақмет Сізге! Сүйікті Отаныма, Қазақстаныма қызмет етемін – Михаил Шайдоров

Бүгін 15:38

Спорттың дамуына қолайлы жағдай жасалады - Тоқаев

Бүгін 15:36

Тоқаев чемпионның бапкері Алексей Урмановқа ыстық ықыласын білдірді

Бүгін 15:32

Президент Олимпиада чемпионының әкесі Станислав Шайдоровтың еңбегіне айрықша тоқталды

Бүгін 15:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі