конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қауіпсіздік қалқаны

Қауіпсіздік қалқаны

Өмір-өзен 29.09.2022, 07:07 1,907
Қауіпсіздік қалқаны
Сурет: Almaty-akshamy.kz

«Ұлттық Ұлан» ән-би ансамблінің концерті өтті.


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланның Ақпараттық-насихаттық тобы еліміздің бірнеше өңірі бойынша республикалық тур өткізуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



2 қазанға дейін жалғасатын бұл сапардың негізгі мақсаты – әскери қызметшілер мен өңір азаматтарына Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын және еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін насихаттау. Әскери қызметшілер мен азаматтық жастарды қазақстандық патриотизм және конституциялық борышқа адалдық рухында тәрбиелеу, ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның имиджін нығайту, азаматтардың ішкі істер органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерге, олар орындайтын қызметтік-жауынгерлік міндеттерге деген оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу.



Алматы қаласында Халық қаһарманы, полковник Қайрат Үмбетов басшылық жасайтын ақпараттық-насихат тобының «Қазақстан Республикасына қызмет етемін!» ұраны аясындағы іс-шарасы болып өтті. Енді Талдықорған, Қонаев, Тараз қалаларында өткізу жоспарланған.


«Алатау» дәстүрлі өнер театрында өткен «Ұлттық ұлан» ән-би ансамблінің гала-концертін күштік құрылымдар, комитеттер, департаменттердің қызметкерлері, ардагерлер, БАҚ өкілдері, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен Ұлттық ұланның ақпараттық-насихаттық тобы мен ән-би ансамблі шара  барысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері және тыл еңбеккерлерімен кездесіп, 28 гвардияшыл-панфиловшылар ескрткішіне гүл шоқтарын қойды.



Негізі, әскерге шақырылуға дейінгі жастармен әскери қызметтің беделін және Отан қорғаушының имиджін көтеру туралы әңгімелесулер жоспарланған. Сонымен қатар, өңір тұрғындарына арнап Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының ән-би ансамблі елдік пен халықтар достығы тақырыбында, жастарды өз Отанын сүюге, әскери өмірдің игі дәстүрлері мен ұрпақтар сабақтастығын дәріптеуге шақыратын концерттік бағдарламаларын  ұсынады. Концерттік бағдарламада Ғайни Жұмашева, Нұрсұлтан Қарабалиев, Ерасыл Бозаев, Сәкен Әлімханов, Денис Яковлев, Дихан Ильяшев, Нұрсұлтан Ералин, Айгерім Молдибаева, Бауыржан Бақытбеков сынды еңбек сіңірген өнер қайраткерлері мен халықаралық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетеді.



Шараға күштік құрылымдар, комитеттер, департаменттердің қызметкерлері, ардагерлер, БАҚ өкілдері, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары шақырылған.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлан #Концерт #ансамбль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 11:05

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);