AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қасым-Жомарт Тоқаев «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты

Әлем Бүгін 18:06 47
Қасым-Жомарт Тоқаев «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты
Ақорда

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы «ШЫҰ плюс» форматында жалғасты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Президент саммитте сөз сөйлеп, Қырғызстанның ШЫҰ-ға төрағалығы жоғары деңгейде өтіп жатқанын айтты.

– Қырғызстан Ұйым мүшелерін жұмылдырып, біздің ұсыныстарымыздан «Тұрақты бейбітшілік, даму және өркендеу жолындағы бірлік» ұраны аясында мазмұнды күн тәртібін қалыптастырды. Бішкек саммитінің қорытындысы ортақ мақсаттарға бір табан жақындатып, Еуразия кеңістігіндегі тұрақтылықты сақтайтын басты тіректердің бірі ретінде Шанхай ынтымақтастық ұйымын нығайта түсетініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев ортақ стратегиялық міндетке тоқталды. Оның пайымдауынша, күш көрсету культі мен конфронтация орнына өзара жауапкершілік, бірлесе даму және ұзақмерзімді ынтымақтастық салтанат құратын жаңа әлемдік тәртіп қалыптасуға тиіс.

– Халықаралық аренадағы мұндай ықпалдастықтың ең үлгілі моделі «Шанхай рухы» екенін ШЫҰ-ның көпжылдық тәжірибесі анық көрсетеді. Ұйым қызметіндегі теңдік пен консенсус қағидаттары, шын мәнінде, көпжақты ынтымақтастықты табысты дамытудың үздік өлшеміне айналды. Сондықтан ШЫҰ-ның басты қағидаттарын Халықаралық көпжақты ынтымақтастық және бейбітшілік жолындағы дипломатия күніне арналған БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы қарарында бекітуді ұсынамын, – деді Президент.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ШЫҰ+
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балабақшаларында балаларға өз қауіпсіздігін қорғау үйретілуде

Бүгін 19:02

Жарыққа ұмтылған ұрпақ: білімге бастар бір қадам

Бүгін 18:37

Мемлекет басшысы еліміз БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің халықаралық құқықты қорғауға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді

Бүгін 18:09

Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық ауруханада аяқ-қол ампутациясының алдын алуға мүмкіндік беретін озық технологиялар енгізілуде

Бүгін 17:55

Алматыда 3 мыңнан астам бірінші сынып оқушысына кітап сыйға тартылды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);