Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Ву...

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичті Ақордада қарсы алды

Ресми бөлім 27.02.2026, 11:48 178
Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичті Ақордада қарсы алды
Сурет: Ақорда

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Сербия Президенті Александр Вучичті қарсы алды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Алдымен мейманның автомобилі Президент Сарайының орталық басқышына келіп, ұзын кілемшенің жиегіне тоқтады. Ол жерде мейманды Қазақстан Президенті Протокол қызметінің қызметкері күтіп алды. Ақордада Александр Вучичті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Өзара сәлемдескеннен кейін мейман мен Президент бір-біріне делегацияларын таныстырды.

Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында сап түзеген Құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.

Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сербия Президенті кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң Мемлекет басшылары Құрмет қарауыл сапының бойымен жүрді. Құрмет қарауылы бастығымен қоштасты.

Қазіргі уақытта саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздер басталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан Президенті #Сербия президенті #кездесу #Ақорда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Бүгін 16:05

Дархан Сатыбалды Алматыда инженерлік желілерді жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды

Бүгін 15:48

Қызылордада өрт кезінде 5 адам құтқарылды

Бүгін 15:31

ҚазҰУ-да инклюзив үстелүсті чемпионаты өтті

Бүгін 15:11

36 жоба, 226 жұмыс орны: Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлікке қолдау күшейіп келеді

Бүгін 15:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика