Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айту...

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Оқиға 27.09.2022, 03:15 999
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Cурет: Inform.kz

Ресейдің Ижевск қаласындағы мектепте ер адам қарудан оқ жаудырды


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ижевск қаласындағы мектепке жасалған шабуыл салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты. Almaty-akshamy.kz бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.



«Ресей Федерациясының Ижевск қаласындағы №88 мектепке жасалған қарулы шабуыл салдарынан азаматтардың, соның ішінде балалардың қаза табуы туралы қайғылы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Сізге және қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Сондай-ақ барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.



Еске салайық, кеше Ресейдің Ижевск қаласындағы мектепте ер адам қарудан оқ жаудырды. Кейін қаскөй өз-өзіне қол салған.


Соңғы мәліметке сәйкес, оқиға салдарынан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті. Олардың арасында 7 бала бар. 21 адам жарақат алды, оның 14-і – балалар.


Мектеп Ижевск қаласының орталығында қала әкімшілігі ғимаратының жанында орналасқан. Онда 982 оқушы оқиды, 80 мұғалім жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ресей #Ижевск #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жедел жәрдем дәрігерлеріне шабуыл жасалды

Бүгін 13:56

Әлеуметтік кәсіпкерлік – тұрақты дамудың маңызды тетігі

Бүгін 12:32

Алматылық нейрохирургтер 6 жасар баланың өмірін сақтап қалды

Бүгін 12:22

Алматы қаласы мәслихатының депутаты ерекше қажеттіліктері бар жандарға қолдау көрсететін қорға көмек көрсетті

Бүгін 11:58

Бас прокуратура қазақстандықтарды Наурызға қатысты провокациялық мәлімдемелерден сақ болуға шақырды

Бүгін 11:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика