ffin.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отпантау-2021» әскери оқу-жаттығу жиынына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отпантау-2021» әскери оқу-жаттығу жиынына қатысты Сурет: Akorda.kz

Қазақстан Президенті Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Оймаша» полигонында болды


Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Оймаша» полигонында өткен «Отпантау-2021» шұғыл-стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынына барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Жоғарғы Бас қолбасшы Бас штабтың алдыңғы шептегі пунктін аралап көріп, Қорғаныс министрінің, әуе қорғанысы, құрлық әскері, әскери-теңіз және десант-шабуылдаушы әскерлер күштері басшыларының, сондай-ақ Қарағанды облысы әкімінің баяндамасын тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаев арнаулы мақсаттағы бөлімдердің дайындығын тексеріп, қару-жарақтар мен техникалардың заманауи түрлерін көрді, сондай-ақ Ақтаудағы әскери госпиталь мен Маңғыстау облысындағы авиациялық инфрақұрылымның құрылыстарына қатысты презентациямен танысты.


Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев белсенді жүргізілген әскери әдіс-тәсілдердің көрсетілімін биік мінберден тамашалады.


Оқу-жаттығу жиынының тәртібі бойынша әртүрлі әскер топтарының шартты қарсыластарына қарсы жүргізген әскери іс-қимылдарының қазіргі қарулы қақтығыстардың тәжірибесіне негізделген жаңа әдіс-тәсілдері іс-жүзінде көрсетілді. Әскер топтарының іс-қимылдары барысында әуедегі және жердегі барлау әрекеттері жүзеге асырылды. Оның нәтижелері ұшқышсыз басқарылатын аппараттар мен аралас авиация бөлімдеріне тура соққы жасалатын нысандарды көрсетіп отырған басқару пунктіне беріліп отырды.


Сонымен қатар шартты қарсыластардың ұшқышсыз басқарылатын аппараттарына қарсы күрес ұйымдастырылып, контрбатареялы соғыстың заманауи әдістері қолданылды.  Оқу-жаттығу жиыны барысында әскерлердің ұтқырлық деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етуге назар аударылды.


Бұдан бөлек Президентке Қарулы Күштердің, ведомствоаралық бөлімдердің, сондай-ақ еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің жүргізген іс-қимылдары онлайн режимде көрсетілді. Атап айтқанда, Каспий теңізі айдынында әскери теңіз күштерінің авиация мен арнайы операциялар күштерінің қолдауымен еліміздің экономикалық нысандарын қорғауға бағытталған іс-қимылдары жүргізілді. Осындай әскери оқу-жаттығу жиындары Қарағанды облысындағы «Сарышаған», «Спасск» және Алматы облысындағы «Көктал» полигондарында өтті.


Әдіс-тәсілдер көрсетілімі аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер алдында сөз сөйлеген Жоғарғы Бас қолбасшы «Оймаша» полигонында өткізілген оқу-жаттығу жиынының маңызы зор екенін айтты.



«Бұл тарихи мекен – елдік пен ерліктің, бірлік пен тұтастықтың символы. Ел шетіне жау тигенде бабаларымыз осы таудың басына «Ұран отын» жаққан. Жауапты сәтте бір тудың астына жиналған. Сондықтан жұртымыз оны «Бірліктің оты» деп атаған. Ерлеріміз туған жерді қорғау үшін жорыққа Отпантаудың бауырынан аттанған. Осы жерде ұлт тағдырын шешетін маңызды жиындар өткен. Бұл игі дәстүр қазіргі күнге дейін жетіп отыр. Біз батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Сонымен бірге дәстүр сабақтастығын сақтаймыз. Ең бастысы, байтақ даланы ұрпағына мирас еткен бабалар аманатына адал болып, Отанымызды қорғаймыз», – деді Мемлекет басшысы.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43

13:13

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55