Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті  жеңісімен құттықтады akorda.kz

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері телефон арқылы сөйлесті




Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына кезектен тыс өткен сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Мемлекет басшысы сайлаудағы дауыс беру қорытындысы Ильхам Әлиевтің Әзербайжанды одан әрі нығайтуға, елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және мемлекеттің халықаралық аренадағы беделін арттыруға бағытталған стратегиялық бағдары мен ауқымды реформалары бүкілхалықтық қолдауға ие болғанын анық көрсеткенін атап өтті.


Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің әзербайжан халқының игілігі мен дамуы үшін қолға алған барлық жоспарының табысты орындалуына тілектестік білдірді.


Өз кезегінде Әзербайжан Президенті құттықтағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, бауырлас Қазақстанмен арадағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдете беруге ниетті екенін растады.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:23

18:00

17:50

17:40

17:15

17:06

16:50

16:41

16:29

16:08

15:43

15:30

15:15

15:05

14:55

14:41

14:30

14:16

14:05

13:46

13:19

12:41

12:34

12:15

12:00