Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Қасым-Жомарт Тоқаев ДДСҰ-ның Дүниежүзілік денсаулы...

Қасым-Жомарт Тоқаев ДДСҰ-ның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясына қатысты

Хабарлама 29.11.2021, 14:15 1,019
Қасым-Жомарт Тоқаев ДДСҰ-ның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясына қатысты
Сурет: Akorda.kz

Арнаулы сессия ДДСҰ тарихында екінші рет өткізіліп отыр.


Мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы арнаулы сессиясының қатысушыларына ілтипат білдіріп, COVID-19 пандемиясына қарсы күрестің аса маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.



«ДДСҰ қоғамдық денсаулық сақтау жолындағы осы аса күрделі жаһандық күресте жетекші рөл атқарды. Ұйымға мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау жүйесі ауыр жағдайды бастан өткерді және қиындық әлі де жалғасып жатыр. Коронавирустың жаңа әрі қауіпті штаммдары әлем бойынша тез тарала бастағандықтан, алдағы апталарда COVID-19 індетін жұқтырғандар саны айтарлықтай өседі. Жуырда Оңтүстік Африка ғалымдары анықтаған «Омикрон» штамы жаңа қауіп төндіріп отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Президенттің айтуынша, пандемия халықаралық қатынастарда көптеген кемшілікті анықтаған. Сондай-ақ дағдарыстың әлеуметтік-экономикалық салдары барлық деңгейдегі әлеуметтік құрылымдарды жан-жақты қайта зерделеуге мәжбүрледі. Пандемия ынтымақтастыққа және биологиялық сын-қатерлерге қарсы іс-қимылдардың мейлінше тиімді жүйесіне негізделген жаңа жаһандық әдіс керек екенін көрсетті.



«Ең алдымен, індет алдында бізді дәрменсіз қылған кемшіліктерімізді жою қажет. Сондықтан біз осы арнаулы сессияға бір ғана мақсатпен, яғни ДДСҰ конвенциясын әзірлеу қажеттігі мен оның тетіктерін немесе пандемияға және оған төтеп беруге дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық құжатты қарастыру үшін жиналып отырмыз. Дайындық жұмыстары мен баяндамалары үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 74-отырысының жұмыс тобына алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Қазақстан пандемияға дайындықты арттыруға және тиісті шараларды қабылдауға бағытталған ДДСҰ конвенциясына жолданған ұсыныстарды қолдайды», – деді Мемлекет басшысы.  



Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ДДСҰ-ны толық қолдайтынын атап өтіп, бұл ұйымды сенімді әріптес ретінде қарастыратынын айтты. Мемлекет басшысы әлемдік қауымдастықтың коронавирусқа қарсы күресіне ұйымның бас директорының қосқан жеке үлесін жоғары бағалады.




«Қазіргі пандемия денсаулық сақтау саласындағы ерекше төтенше жағдай болып саналмайды. Дағдарыс мемлекеттердің және ұлттық денсаулық сақтау жүйелерінің ішкі құрылымдық кемшіліктерін көрсетіп қана қоймай, жаһандық деңгейдегі күрделі әрі қордаланған теңсіздіктерді айқындап берді. Сондықтан Қазақстан вакциналардың әлем бойынша әділ таратылуын қолдайды және оған белсенді түрде атсалысады. Біз 2022 жылдың ортасына қарай жаһандық вакциналауды қамтамасыз ету жөніндегі ДДСҰ-ның COVID-19 індетіне қарсы стратегиясын толық қолдаймыз», – деді Президент.



Мемлекет басшысы жиын қатысушыларына QazVac вакцинасының әзірленуі және оның жаңа «дельта» штамына қарсы сәтті модификацияланғаны жөнінде айтты. Қазақстандық вакцина өзінің тиімділігін елімізде ғана емес, Орталық Азияның басқа да мемлекеттерінде дәлелдеді.



«Кез келген ауыл немесе қаладағы сияқты жаһандық деңгейдегі біздің өркендеуіміз, игілігіміз денсаулық жағдайымызға  байланысты. Ал біздің денсаулығымыз ынтымақтастыққа және ортақ сын-қатерге үйлесімді төтеп беруге байланысты. Мен барлық елді көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аясына бірігуге шақырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Қазақстан #президент #сессия #ДДСҰ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика