Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Қашағанда газ өңдеу зауытының құрылысы басталды

Қашағанда газ өңдеу зауытының құрылысы басталды

Билік 08.06.2021, 15:20 1,877
Қашағанда газ өңдеу зауытының құрылысы басталды
Сурет: Primeminister.kz

Құрылыстың басталуына Атырау облысына жұмыс сапарымен барған Асқар Мамин қатысты.


 ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мұнай-газ химиясы және мұнай-газ машинасын жасау салаларындағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.



Үкімет басшысы Қашаған кен орнында газды кешенді дайындау қондырғысы – газ өңдеу зауытының құрылысын бастап берді. Кәсіпорынның өңдеу қуаты жылына 1 млрд м³ дейін шикі күкіртті газды құрайды, одан 815 млн м³ тауарлық газ және 119 мың тонна сұйытылған газ, 212 мың тонна күкірт және 35 мың тонна газ конденсаты өндірілетін болады. Оны 2023 жылғы төртінші тоқсанда пайдалануға беру көзделген.



 Жоба еліміздің газ өңдеу саласын дамытуға серпін береді. Қашағанда мұнай өндіру деңгейін тәулігіне 450 мың баррельге дейін ұлғайтуға, елді одан әрі газдандыру үшін ресурстық базаны кеңейтуге және мұнай-газ өндірісінің экологиялығын арттыруға мүмкіндік береді. Құрылыс кезеңінде мұнда 2500-ге дейін уақытша, ал пайдалану кезеңінде 600 тұрақты жұмыс орны құрылады.


Премьер-Министр жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін Қазақстандағы алғашқы Интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылыс барысын тексерді. Жобаны «Қазақстан Петрокемикал Индастриз (KPI)» ЖШС жүзеге асырады. Инвестициялардың жалпы көлемі $2,6 млрд құрайды. Оны 2022 жылғы наурыз айында пайдалануға беру жоспарланған. Кәсіпорында 630-дан астам тұрақты жұмыс орны ашылады.



Қазіргі уақытта жоба кестесі бойынша жалпы прогресс 87,19%-ды құрайды. Құрылысқа 39 қосалқы мердігер компания тартылған, оның 36-сы — қазақстандық. Үкімет басшысы биыл сәуір айында полипропилен өндіретін интеграцияланған газ-химия кешенінің жұмысын қамтамасыз ету үшін азот және сығылған құрғақ ауа шығаратын қондырғысының құрылысын аяқтаған «Эр Ликид Қарабатан Тех Газы» қазақстан-француз бірлескен кәсіпорнына барды. Зауыттың қуаттылығы 8 мың нм3/с азот және 8,1 мың нм3/с сығылған құрғақ ауаны құрайды. 



Асқар Мамин 2020 жылғы тамызда пайдалануға берілген қуаты жылына 36 мың м² грейтинг және 60 мың тонна мырыштауды құрайтын «Атыраумұнаймаш» ЖШС грейтинг және ыстықтай мырыштау цехының жұмысымен танысты. «Каспий мұнай» ЖШС аралау барысында Премьер-Министрге Атырау облысының Жылыой ауданындағы «Айранкөл» кен орнын 2019-2021 жылдары жүргізілген цифрландырудың нәтижелері таныстырылды – мұнай өндіру 10%-ға артты, шығындар 30%-ға азайды, операциялық қызмет 80%-ға жетілдірілді, мұнай қалдықтарының көлемі қысқартылды, пандемия кезеңінде кен орнын қашықтан бақылау және басқару мүмкіндігі енгізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#коронавирус #Ковид-19 #Ваксина от коронавируса #Қазақстан #Атырау #Қашаған #Мамин #завод #газ #премьер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика