Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қар тоқтаусыз жауып жатыр: қала көшелері тәулігіне...

Қар тоқтаусыз жауып жатыр: қала көшелері тәулігіне төртінші рет күреліп жатыр

Барлығы 25.02.2026, 14:04 559
Қар тоқтаусыз жауып жатыр: қала көшелері тәулігіне төртінші рет күреліп жатыр
Алматы әкімдігі

Алматыда толассыз жауған қардың салдарын жою жұмыстары жалғасып отыр. Қардың тоқтаусыз жауып жатқанына байланысты коммуналдық қызмет қала көшелерін тәулігіне төртінші рет толық тазаланып жатыр. Бұл туралы қалалық Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мамандары айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Көктайғақтың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 25 ақпанда қала бойынша ауқымды күш жұмылдырылды. Қазіргі уақытта 1250 бірлік арнайы техника мен 4050 жол қызметкері жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде:

— 905 техника және 2015 жұмысшы — «Алматы Тазалық» МКК;

— 345 техника және 695 жұмысшы — мердігер ұйымдар.

Қардың толассыз жаууына байланысты жұмыстар қосымша күшейтілді. 25 ақпаннан 26 ақпанға қараған түні тазалау жұмыстарына тағы 1340 адам тартылады. Оның ішінде 500 қызметкер — «Алматы Тазалық» МКК-дан, 840 жұмысшы — мердігер ұйымдардан. Осылайша, тәулік бойы жұмысқа барлығы 1250 арнайы техника мен 4050 жол саласы жұмысшысы атсалысады.

Тазалау жұмыстары барлық ауданда жүргізілуде. Негізгі басымдық — магистральдық көшелер, қоғамдық көлік бағыттары, еңіс және дөң аумақтар, аялдамалар мен тротуарлар. Жұмыс кезең-кезеңімен атқарылады: алдымен көктайғаққа қарсы материалдар себіледі, кейін техника қарды ысырып, сыртқа шығарады.

Қар қалың жауып жатса да, жұмыс күні-түні тоқтамайды. Коммуналдық қызмет ауа райына бейімделіп, ресурстарды жүктемесі ең жоғары аумақтарға бағыттап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қар жауды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Бүгін 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Бүгін 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика