конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қамшыбек Тәшиев Қырғыз футбол одағы президенті қыз...

Қамшыбек Тәшиев Қырғыз футбол одағы президенті қызметінен де кетті

Әлем 15.04.2026, 14:43 298 Сұлу
Қамшыбек Тәшиев Қырғыз футбол одағы президенті қызметінен де кетті
president.kg

Қырғызстанның бұрынғы күштік құрылым басшысы Қамшыбек Тәшиев тағы бір лауазымымен қоштасты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.

Ол екі жылдан астам уақыт бойы Қырғыз футбол одағының президенті қызметін атқарған. 15 сәуір күні өткен ұйым конгресінде Тәшиев атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, бұл мінберде төраға ретінде кейінгі рет сөйлеп тұрғанын жеткізді.

Оның айтуынша, Қырғызстанда футболды табыс көзіне айналған сала деуге келмейді. Сондай-ақ ол өз миссиясын орындағанын айтып, ендігі жерде бұл қызметке футболды шын сүйетін адам келуі керектігін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін, 10 ақпанда Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары және Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылған еді. Ол бұл лауазымға 2020 жылғы 16 қазанда тағайындалған болатын.

Кейінірек Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Тәшиевпен қызметтен кеткеннен кейін жеке кездескенін мәлімдеді. Президенттің сөзінше, бұл шешім арқылы ол керісінше жақын серігін сақтап қалған. Жапаров егер Тәшиев қызметінде қала бергенде, мемлекеттік аппарат ішінде де, қоғам арасында да түсінбеушілік пен алауыздық күшеюі мүмкін еді деп түсіндірді.

Сонымен қатар, Қырғызстан басшысы Қамшыбек Тәшиевтің айналасындағы кейбір адамдар оның атын пайдаланып, түрлі лауазымды тұлғалар мен қоғам өкілдеріне ықпал етуге тырысқанын айтқан болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қырғызстан #қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қалалық көшет тәлімбағы құрылуы мүмкін

Бүгін 19:01

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Бүгін 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);