AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қалыңдығы 35 сантиметрге жетті: Алматыда қалың қар...

Қалыңдығы 35 сантиметрге жетті: Алматыда қалың қар жауды

Барлығы 10.12.2025, 09:14 724 Сұлу
Қалыңдығы 35 сантиметрге жетті: Алматыда қалың қар жауды
Алматы әкімдігі

9 желтоқсанда сағат 22:30-да Алматыда басталған жауын-шашын түн жарымда қалың қарға ұласты. 10 желтоқсан сағат 07:00-дегі мәлімет бойынша қардың қалыңдығы 35 сантиметрге жетті. Бұл айлық норманың жартысына жуығы. Мұны Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады.
 
Көлік қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз ету және тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруына жағдай жасау мақсатында коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс тәртібіне ауыстырылды.

Ведомствоның дерегінше, қаладағы қар күреу жұмыстарына 2 728 жұмысшы мен 75 жедел бригада жұмылдырылған. Қала жолдарына 1 000-нан астам арнайы техника шығарылды, оның ішінде көктайғақты болдырмау үшін арнайы қоспа себетін 228 құрама жол машинасы бар. Колонналардың қозғалысын қамтамасыз ету үшін 22 полиция экипажы, сондай-ақ 10 эвакуатор мен манипулятор тартылған.

Мамандардың айтуынша, сағат 04:00-тен бастап магистральдар мен аудандық көшелерді тазалайтын 21 колонна жұмысқа кірісті. Сонымен қатар тротуар, аялдама мен жүргіншілер аумағы күреліп жатыр. Сағат 05:00-де 37 жеке мердігер ұйымның 1 790 жұмысшысы мен 256 техникасы аулаларды тазалау жұмыстарына жұмылдырылды.

Бұған қоса, қалада жол мен көшенің жағдайын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік қойылған. Барлық коммуналдық қызмет қар толық тазалағанға дейін күшейтілген режимде жұмысын жалғастыра береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қар #Қар тазалау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика