Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қалам, қару-жарақ, монета: Кәрим Мәсімовтің сарайы...

Қалам, қару-жарақ, монета: Кәрим Мәсімовтің сарайынан алынған қымбат бұйымдар сатылды

Мұны білген жөн 07.10.2025, 14:11 505
Қалам, қару-жарақ, монета: Кәрим Мәсімовтің сарайынан алынған қымбат бұйымдар сатылды
Drouot / Giquello

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы төрағасы, сотталған Кәрим Мәсімовтің үйінен алынған қымбат бұйымдар 7 қазанда өткен аукционда сатылды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (ҚАБК) 10 түрлі қымбат затты саудаға шығарды. Олардың ішінде коллекциялық қаламдар, монеталар, қылыштар, қанжарлар және ұлттық өрнегі бар белдік бар.

Құжаттарда бұл заттардың сипаттамасы Кәрим Мәсімовтің ерекше үйімен сәйкес келетін нысаннан алынған мүлік ретінде көрсетілген.

Саудаға қойылған заттардың жалпы құны 3,5 миллион теңгеден асты. 

Не сатылды?

Аукцион 7 қазанда сағат 12:00-де электрон сауда алаңында өтті. Он лоттың жетеуі сатылды.

Сатылған қымбат заттар:

  • Montegrappa Italia жазу қаламы (күміс, 925 сынама) 440 мың теңгеге сатылды;

  • Visconti Firenze қаламы (Құран сүрелерімен өрнектелген) 402 мың теңгеге сатылды.

Сондай-ақ, сатылған қару-жарақтар:

  • Сүйек сабы мен тізбегі бар қылыш – 930 мың теңгеге;

  • Сары металмен өрнектелген қылыш – 837 мың теңгеге;

  • Болат қанжар (қынабымен бірге) – 185 мың теңгеге.

Фото: e-qazyna.kz

Коллекциялық монеталар да сатылды:

  • "Алма отаны", "Астана", "Бәйтерек" және "Қазақстан картасы" монеталарының жиынтығы – шамамен 199 мың теңгеге;

  • Тағы екі монета – 1000 теңгелік (2003 жылғы) және "Еуразия елдерінің астаналары" 500 теңгелік (2008 жылғы) – 82 999 теңгеге сатылды.

Фото: e-qazyna.kz

Не сатылмай қалды?

Кейбір лоттар сатылмай қалды: 

  • Үш монетадан тұратын жинақ: "Алтын адам" және "Тәуелсіздікке 20 жыл" (500 теңгелік, 2011 ж.) – бастапқы бағасы 155 мың теңгеден;
  • "Шығыс күнтізбесі" және "Қазақстан фаунасы" сериясындағы монеталар (500 теңгелік, 2010–2011 жж.) – 107 мың теңгеден;

  • Қораптағы былғары белдік – 183 750 теңге.

Фото: e-qazyna.kz

Айта кетейік, ҚАБК осымен екінші рет заттарды сатуға талпынды. Алғашқысы 16 қыркүйекте өткен, бірақ сол кезде сатып алушылар табылмаған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кәрім Мәсімов #үй #қару-жарақ #қалам #сатылу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі