Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қала күні қарсаңында: Алматы ажарын айшықтаған кел...

Қала күні қарсаңында: Алматы ажарын айшықтаған келісті ғимараттар көп

Өмір-өзен 14.09.2021, 08:35 1,529
Қала күні қарсаңында: Алматы ажарын айшықтаған келісті ғимараттар көп
mk-kz

Биыл оңтүстік астананың Верныйдан Алматы атауына  өзгергеніне 100 жыл толды. 1921 жылы жергілікті орнындағы алманың, оның ішінде сирек кездесетін апорт ағаштарының көптігіне орай Алма-Ата деп өзгертілген еді. Сол себептен болар, қаланы Тянь-Шань жоталарының етегінде орналасқан «бақша-қала» деп атап кеткен. Археологиялық зерттеулерге көз жүгіртсек, қазіргі Алматының орнында ертеректе сақтар, кейінірек үйсін, орта ғасырда дулат тайпалары өмір сүрген. Сол кездердің өзінде-ақ елді мекендер мен қалашықтардың атауы Алмалық пен Алматы қалалары болған деседі. Қаланың атауы жеміс ағашымен байланысуы алманың көптігінен екендігі баршамызға белгілі болар. Бұрындары Алма-Атадан қонаққа келгендерден алманың хош исі аңқып тұратын деседі. Себебі, тұрғындардың барлығы дерлік көшеде мәуесі төгіліп тұрған ағаштардан алманы қалағандарынша жеп, қала берді күтімі жақсы, бұзылмағандарын қысқа арнап бүтіндей сақтап, ал әжелеріміз түрлі тосап түрлерін әзірлегенін айтады. Алматының ең басты сим­волы  атанған алма, оның ішінде Алматының апортының тарихы бірқатар дүние­жүзілік ғалымдар мен зерттеу­шілердің еңбек­теріне арқау болған. Алма бейнесі қаламызды әлемге танытып қана қоймай, шаһардың шырайын аша түсуде. Олай дейтініміз, алма жемісіне байланысты қаламызда салынған ғимараттар, демалыс орындары көптің көңілінен шығып, ерекше әсер қалдыруда.


Алматының маңында, Маловодный ауылының маңында әсем алма бақтары бар. Алмалы баққа келген әрбір адам қаламыздың мәдениеті мен апорт алмасының шығу тарихы, баптау тәсілдері сынды мағлұматтарға қанық бола алады.



Бұдан бөлек, баршамызға таныс «Апорт молл» атанып кеткен сауда орталығы жайында сөз қозғай кетсек. Халықпен етене жұмыс атқарып, тиімді бағадағы тауарлар ұсынып, көңіл көтеретін демалыс орнына, қала берді жалынды жастардың мекеніне айналған.



1967 жылы салынған 8 қабатты «Алма-Ата» қонақ үйі бүгінде көпшілікке «Almaty» атауымен танымал. Сырттан келген қонақтарды заманауи дизайнымен баурап алған ғимарат – қала сәнін арттырып тұрған нысанның бірі.



2005 жылы Көктөбеде бой көтерген алма пішіндес «Тілектер су бұрқағы» қаланың символын бейнелеп қана қоймай, қала қонақтары мен тұрғындары тілек тілейтін киелі мекен іспетті. Мегаполисте бұдан өзге де ерекше ғимараттар мен ойын-сауық орталықтары бар. Біз бүгін солардың ішіндегі ең таңдаулысына тоқталдық.  


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қалакүні #шежіре
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өңірлік фермерлер қатысатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 09:41

Алматының ӨКҚ анимациялық жобасы Көрісу күні туралы баяндады

Кеше 22:27

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Кеше 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Кеше 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Кеше 19:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика