AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / "Қайрат" лайықты қарсылас болды": Хаби Алонсо Алма...

"Қайрат" лайықты қарсылас болды": Хаби Алонсо Алматыдағы тарихи матч жайлы ойын бөлісті

Спорт 01.10.2025, 11:32 535 Дина
"Қайрат" лайықты қарсылас болды": Хаби Алонсо Алматыдағы тарихи матч жайлы ойын бөлісті
Фото: instagram.com/realmadrid

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Хаби Алонсо Алматыда өткен UEFA Чемпиондар лигасының тарихи кездесуінен кейін әсерін бөлісті, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Испаниялық клуб жергілікті «Қайратты» 5:0 есебімен ұтқан болатын.

"Қайрат" бізді таңғалдырды"

Алонсо матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында алматылық клубтың ойынына баға берді.

“Қайрат” Чемпиондар лигасында ойнауға толық лайық. Біз Алматыға келгенде бұл команданың әлеуетін көрдік. Бізді жылы қабылдады, мұнда ерекше атмосфера бар. "Қайрат” ойынды өте белсенді бастады. Алғашқы минуттарда бізге сәл қолайсыз болды. Содан кейін ғана комбинация құрып, олардың прессингінен шығуға тырыстық. Бұған Арда Гюлер көп көмектесті. “Қайраттың” белсенділігі бізді таңғалдырды", - деді Хаби Алонсо.

Алматының сұлулығы бапкерді тәнті етті

Испаниялық маман қала көрінісіне де баға берді:

"Біз жиі саяхаттаймыз, бізді таңғалдыру оңай емес. Бірақ Алматының табиғаты өте әдемі, әсіресе таулары ерекше әсер қалдырды. Егер турист ретінде келсем, міндетті түрде тауға шығар едім", - деді ол.

Мбаппе - матчтың жұлдызы

Алонсо француз форварды Килиан Мбаппені ерекше мақтап өтті. Айта кетейік, ол ойында хет-трик жасап, үздік ойыншы атанды.

"Килиан әр матчта негізгі рөл атқарады, әсіресе қақпа алдында өте қауіпті соққылар жасайды. Оның бірінші голы керемет болды. Маған оның формасы ұнайды, ол биылғы маусымда фантастикалық ойын көрсетіп жүр", - деді бапкер.

Айып добы VAR шешімімен жойылды

Айта кетейік, ойынның 68-минутында «Қайрат» бір гол соғуға мүмкіндік алғандай еді. Арбитр бастапқыда пенальти белгіледі, бірақ видеоны қайта қараудан соң шешімін өзгертті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қайрат #Реал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);