Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Профилактиканы күшейту – қылмыстың азаюының басты...

Профилактиканы күшейту – қылмыстың азаюының басты кепілі

Заң мен тəртіп 15.04.2025, 10:33 660
Профилактиканы күшейту – қылмыстың азаюының басты кепілі
kazpravda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың айтуынша, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – еліміздің стратегиялық басымдығы болып қала береді.

2025 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша, елдегі жалпы қылмыс деңгейі 5,8%-ға төмендеді (35 320-дан 33 279-ға дейін). Бұл барлық құқық қорғау органдарының тек жазалауға емес, қылмыстың алдын алуға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмысының нақты нәтижесі.

Қылмыстың алдын алу – құқықтық тәртіптің шынайы көрінісі.

Айтарлықтай төмендеген қылмыс түрлері:

  • Ұрлық – 29,3%-ға
  • Бұзақылық – 32,6%-ға
  • Мал ұрлығы – 27,6%-ға
  • Онша ауыр емес қылмыстар – 11,9%-ға
  • Аса ауыр қылмыстар – екі есеге азайды

Азаматтардың аулаларда – тыныштық, көшелерде – қауіпсіздік, балалар үшін – алаңсыз орта болуы тиіс.

Қылмыс деңгейі артқан өңірлер:

  • Шымкент қаласы – 25,8%-ға
  • Жамбыл облысы – 21%-ға
  • Ұлытау облысы – 13,6%-ға
  • Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстары – орташа өсу байқалады

Бұл өңірлерде ведомствоаралық үйлестіруді күшейту, нақты бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізу қажет.

Прокуратураның рөлі

Прокуратура – қылмыспен күресті үйлестіруші орган ретінде әр ведомствоның нақты нәтижесіне жауап беруін талап етеді.
Жергілікті прокурорлар мемлекеттік органдар арасындағы үйлесімсіздікті болдырмай, олардың өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуі тиіс.

 
Алаяқтықпен күрес нәтижелері
  • Алаяқтық 3,9%-ға төмендеді
  • Жалпы залал: 41,4 млрд теңге (2024 ж. – 93,7 млрд тг, яғни екі есе азайды)
  • Соның ішінде 11,7 млрд теңге өтелді
  • Залалды өтеу жұмыстары күшейтіледі

Әрбір қылмыстық іс – бұл жәбірленушінің тағдыры. Маңыздысы – кінәліні жазалау ғана емес, әділеттілікті қалпына келтіру.

Есірткі қылмысына қарсы күрес

2025 жылдың І тоқсанында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күшейтілді.
Құқық қорғау және арнайы органдардың үйлесімді іс-қимылының арқасында:

  • Есірткі қылмыстары 14%-ға артты
  • Сату фактілері 13%-ға артты
  • 1,5 мыңнан астам іс сотқа жолданды
  • 3,3 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді
    (героин, гашиш, марихуана, синтетикалық заттар)

“Ақшаның ізіне түсу” қағидатының нәтижелері

  • 12 000-нан астам банк шоты бұғатталды
  • 2,1 млрд теңге кіріс анықталды
  • 5 млрд теңгеден астам мүлік пен
  • 6 млн АҚШ долларына тең криптовалюта тәркіленді

Профилактика – бұл формалдылық емес, қоғамдағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған нақты және тиімді шаралар кешені.
Қылмыстың жолын кесу тек жауапкершілік арқылы емес, жүйелі алдын алу арқылы жүзеге асады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#адам #қоғам #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық «Болашақ» стипендиаттары Президентпен Вашингтонда жүздесті

Кеше 21:27

Алматылық спортшы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Кеше 20:25

Еңбек демалысы сақталады: Конституцияның жаңа редакциясы жобасына қатысты түсіндірме

Кеше 18:36

Қорғаныс министрі Парламент депутаттарына Алматыда Sarbaz+ жобасын таныстырды

Кеше 16:47

Алматыда Жаңа Конституцияны қолдауға арналған дөңгелек үстел өтті

Кеше 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі