Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілде күні Омбы қаласына жұмыс сапарымен барады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумына қатысады.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің кездесуі жоспарланған.