Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Президент Тоқаев Ауғанстанға көмек жеткізу үшін Ал...

Президент Тоқаев Ауғанстанға көмек жеткізу үшін Алматыда гуманитарлық хаб ұйымдастыруды ұсынды

Билік 17.09.2021, 10:33 886
Президент Тоқаев Ауғанстанға көмек жеткізу үшін Алматыда гуманитарлық хаб ұйымдастыруды ұсынды
Сурет: Th.eureporter.co

Ауғанстанның халқы жалғыз қалмауы тиіс.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанға көмек жеткізу үшін Алматыда гуманитарлық хаб ұйымдастыруды ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап. 



«Бұл күндері бүкіл әлемде және Душанбеде ауған мәселесі туралы көп айтылып, ШЫҰ алаңында кеңес өткізіліп жатыр, елдегі жағдай кеше Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының отырысында да талқыланды. Қазақстан болашақ Ауғанстанды көршілерімен тату өмір сүретін шынайы тәуелсіз және біртұтас мемлекет ретінде көреді. Осы тағдыршешті тарихи сәтте Ауғанстанның көп ұлтты халқы бұрын-соңды болмаған қиындықтарға қарамастан, жалғыз қалмауы тиіс», – деді Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекет басшылары кеңесінің саммитінде.



Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ Ауғанстандағы бейбітшілік пен келісімге қол жеткізуде белсенді рөл атқара алады және атқаруы тиіс деп санайды.



«Біз тек ұжымдық күш-жігермен ғана қауіп-қатерлерге қарсы күресте өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз. Қазақстан өз тарапынан деструктивті идеологияның, есірткі ағынын және Ауғанстаннан тыс жерлерге бақылаусыз көші-қонды болдырмау үшін өңірлік әріптестерімізбен өзара іс-қимылды кеңейтіп жатыр.Сондай-ақ, Ауғанстан тап болған өзекті гуманитарлық және экономикалық проблемаларды шешу үшін қолдан келгенше көмек көрсетуге дайынбыз. Қазақстанның қолда бар инфрақұрылымы мен логистикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Ауғанстанға халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда ШЫҰ гуманитарлық хабын ұйымдастыруды ұсынамыз. Бұл қадам ұйымның өңірдегі өткір проблемаларды шешудегі рөлін арттыруға, сондай-ақ БҰҰ мен басқа да халықаралық құрылымдардың қызметін үйлесімді толықтыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деді Тоқаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Тоқаев #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика