AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Президент телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған...

Президент телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған кинолекторий басталады

Мәдениет 17.05.2026, 16:30 184 Сұлу
Президент телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған кинолекторий басталады
TRK Documentary

2026 жылы 21 мамыр күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған республикалық кинолекторий басталады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Мерейтойлық іс-шара аясында Президент телерадиокешенінің 30-дан астам авторлық деректі фильмі еліміздің 20 қаласында көрермен назарына ұсынылмақ. Ауқымды ағартушылық жоба барлық облыс орталығын қамтып, 25 қыркүйекте Алматы қаласында мәресіне жетеді.

Кинолекторийдің басты мақсаты – көрерменді Президент телерадиокешенінің өндірістік базасы – Деректі кино орталығының негізгі жобаларымен таныстыру.

Туындылар Мемлекет басшысының қызметін, Қазақстанның қазіргі заман тарихын және аймақтардың даму барысын баяндайды. Бағдарламаға классикалық деректі фильмдерден бастап, заманауи қысқаметражды және вертикалды форматтағы 30-дан астам туынды енді.

Бұл фильмдер – ауқымды реформалар мен өзгерістерден бастап, қарапайым жандардың тағдырына дейін қамтитын еліміздің нағыз шежіресі. Астанадан басталып, барлық облыс орталығын аралап, Алматыда аяқталатын мәдени-ағартушылық жоба мемлекет саясаты мен құндылықтарын насихаттауға бағытталған.

TRK Documentary

Фото: TRK Documentary

Кино көрсетілімдері аймақтардағы жергілікті кинотеатрларда өтеді. Бұл өңір тұрғындарының сапалы деректі контентті тамашалауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар іс-шара аясында Деректі кино орталығының шығармашылық тобымен кездесулер, талқылаулар және жастарға арналған дәрістер ұйымдастырылады.

Жоба облыс әкімдіктерімен бірлесе жүзеге асырылуда. Көрермен үшін кіру тегін. Көрсетілім кестесі мен кинолекторий бағдарламасы Президент телерадиокешенінің ресми ресурстарында жарияланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фильм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Бүгін 17:29

Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

Бүгін 17:12

«Патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік – әрбір командирдің міндеті» атты III республикалық форум өтті

Бүгін 15:52

Тоқаев Абай облысының әкімін қабылдады

Бүгін 15:35

Алматылық психолог жасөспірімдерді жұмыс туралы хабарландырулар арқылы есірткі бизнесіне қалай тартатынын түсіндірді

Бүгін 14:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);