конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Президент Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылда...

Президент Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Билік 08.09.2021, 14:11 1,225
Президент Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Сурет: Аkorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Сенатының VII сессиясы барысында атқарылатын жұмыс жоспары туралы баяндалды.


Сондай-ақ Президенттің Жолдауы мен берген тапсырмаларын іске асыруға бағытталған бірқатар заң топтамасының әзірленіп жатқаны жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.


ҚР Парламенті Сенатының төрағасы алдағы сессияда сенаторлардың Үкіметпен және Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп, әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квотаның сақталуына қатысты заңнама бойынша жұмыс істейтінін айтты. Сонымен қатар «Әлеуметтік кодекс», «Өнеркәсіп саясаты туралы», «Кәсіби біліктілік туралы», «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» және басқа да заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу міндеті тұр.


Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, сенаторлардың бастамасымен Президент тапсырмаларын іске асыруға бағытталған бірқатар заң жобасы әзірленген. Атап айтқанда, «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасы жоспарлануда, сонымен қатар ғылыми кадрлардың жағдайын жақсарту және олардың әлеуметтік қорғалу кепілдіктері туралы заңнамасына, Салық кодексіне өзгертулер енгізу көзделуде. Сондай-ақ жайылымдық жерлерді басқаруды және пайдалануды реттейтін бірқатар түзетулер әзірленіп жатыр.


Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында қабылданатын заң жобаларын талқылау және пысықтау жұмыстарына азаматтық қоғам өкілдері мен сарапшыларды кеңінен жұмылдыру қажеттігін айтты.


Кездесу соңында Президент парламенттік дипломатияның әлеуетін одан әрі арттыруға қатысты бірқатар міндет жүктеді.


Сонымен қатар Мемлекет басшысы 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне дайындықты бастау туралы тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Сенат #төраға #сессия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік науқан өтті

Кеше 17:38

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Кеше 15:12

Маңғыстау облысында Бекет ата мешітіне жолға шыққан үш адам жоғалып кеткен

Кеше 14:13

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Кеше 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

04.07.2026
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);