AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Сыртқы і...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Билік 12.10.2021, 09:42 1,177
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Сыртқы істер министрін қабылдады
akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне (АӨСШК) мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомство басшыларының алтыншы кеңесіне қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Үндістанның Сыртқы істер министрі Субраманиям Джайшанкарды қабылдады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Кездесуде тараптар саяси, сауда-экономикалық және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты күшейту бойынша Қазақстан мен Үндістан арасындағы көп жоспарлы байланыстарды дамытудың келешегін талқылады.


Қасым-Жомарт Тоқаев Субраманиям Джайшанкармен әңгімелесу барысында Кеңеске мүше мемлекеттердің министрлерінің бүгінгі кездесуіне Үндістанның қатысқаны маңызды екенін айтып, ол елдің басшылығына Қазақстанның бастамаларына қолдау білдіргені үшін ризашылығын білдірді.


Мемлекет басшысы министрге елімізде COVID-19-ға қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру және оған гуманитарлық көмек көрсетуге Қазақстанның қосып отырған күш-жігері туралы айтты.


Сондай-ақ Президент екі ел арасындағы әуе байланысын қалпына келтірудің маңызды екенін, бұл Қазақстан мен Үндістан арасындағы байланыстарды одан әрі дамытуға тың серпін беретінін атап өтті.


Өз кезегінде Үндістанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталық Азия өңірін ынтымақтастықтың маңызды бағыты санайтынын Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модидің сәлемін жеткізді. Бұл ретте үнді дипломаты өз елінің басшылығының Қазақстан Президентін келесі жылы Үндістанға сапармен келуге шақыратынын жеткізді.


Әңгімелесу кезінде пандемияның салдарларын жою мәселелеріне баса мән берілді. Субраманиям Джайшанкар Қасым-Жомарт Тоқаевқа екпе сертификаттарын өзара мойындау жөніндегі елінің ұсынысын жеткізіп, Үндістанның фармацевтика және экономиканы цифрландыру салалары бойынша ынтымақтастықты жандандыруға әзір екенін айтты.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Тоқаев #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі

Кеше 18:11

Алматының әкімі қаланың көше-жол желісін кеңейту жобаларымен танысты

Кеше 18:08

Бүгін Алматының бір метро станциясы жабылады

Кеше 16:30

«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді.

Кеше 16:20

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

Кеше 15:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);