Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау 2023 / Президент өңдеу саласындағы инвесторларды алғашқы...

Президент өңдеу саласындағы инвесторларды алғашқы 3 жылда салықтан босатуды ұсынды

Жолдау 2023 01.09.2023, 05:42 752
Президент өңдеу саласындағы инвесторларды алғашқы 3 жылда салықтан босатуды ұсынды
Сурет: ашық дереккөз

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу саласындағы инвесторларды алғашқы 3 жылда салықтан босатуды ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Геологиялық барлау саласы ерекше назар аударуды қажет етеді. 2018 жылы минералды шикізат базасын толықтыру мақсатында таукен секторын басқару бағытында жаңа заңнама қабылданды. Алайда, ол толыққанды жұмыс істеп кете алмады. Салдарынан ресурстарға бай елімізде маңызды геологиялық жаңалықтар ашылмай келеді», - деген Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды шұғыл түрде өзгерту керектігін ескертті.


«Таукен секторын басқару жүйесін қысқа мерзімде жаңғырту қажет. Көптеген елдерде саланың негізгі қозғаушы күші жеке компаниялар болып отыр. Сондықтан ірі жеке меншік инвестицияларды тарту саланың әлеуетін ашуға шешуші дәрежеде көмектеседі. Ол үшін икемді реттеуші және фискалдық жағдайлар қажет», - деді Президент.



Мемлекет басшысы геологиялық зерттеуді өз қаражаты есебінен жүзеге асыратын инвесторлар жер қойнауын пайдалануға басым құқық алуы қажеттігін атады.



«Кешенді мемлекеттік сараптаманы енгізу және процесті толық цифрландыру арқылы жобаларды мақұлдау мерзімдері мен рәсімдерін екі есе қысқарту қажет. Үкіметтің міндеті – 2026 жылға қарай геологиялық-геофизикалық зерттеу аумағын қазіргі 1,5 миллионнан 2 миллион 200 мың шаршы шақырымға дейін жеткізу. Басым міндеттердің бірі «жаңа мұнайға» айналған сирек металдардың кен орындарын игеру болуға тиіс. Осы салада өз әлеуетін іске асыра алатын елдер бүкіл әлемнің технологиялық өсім бағдарын айқындайды. Жыл соңына дейін біз саланы дамыту туралы кешенді пайымды әзірлеуіміз керек. Өңдеу өнеркәсібін қолдау үшін шетелдік және отандық инвесторларды алғашқы үш жылда салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден босату қажет. Бұл өңдеуші индустрияға елеулі серпін беруі тиіс қағидатты мәселе», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолдау #салықтан босату #өңдеу саласы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Бүгін 08:04

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Кеше 22:23

Әзербайжан президенті Тоқаевқа алғысын білдірді

Кеше 22:15

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Кеше 17:32

Алматыда өртсөндіруші-құтқарушылар әріптестерін ерекше құттықтады

Кеше 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі