AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылда...

Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Саясат 01.03.2024, 11:32 1,258
Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Ерлан Қошанов Мәжілістің қазіргі заң шығару қызметі туралы баяндады. 



Оның айтуынша, жоспарланған өзгерістерді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының жүктеген барлық міндеті тиісті деңгейде және уақытылы орындалып жатыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Соңғы екі айда ғана Мәжіліс 18 заң қабылдап, Сенаттың қарауына жіберген.


Атап айтқанда, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, цифрландыру, ғылым, бизнес жүргізу, медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін сақтандыру, трансферттік баға белгілеу, халықтың көші-қон мәселелері секілді құқықтық нормаларға түзетулер енгізілген.


Қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасын орындау үшін депутаттар Бюджет, Су, Құрылыс кодекстері, сондай-ақ бірқатар маңызды заң жобалары бойынша бір мезетте жұмыс жүргізуде.


Енгізілген әрбір жаңа өзгерісті сарапшылар мен жұртшылық кең көлемде талқылайды, палатаның барлық іс-шарасына бұқаралық ақпарат құралдары мен мүдделі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кедергісіз қатыса алады. 


Ерлан Қошанов сондай-ақ «Amanat» партиясының жұмысы туралы мәлімет берді. 


Азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Президенттің бастамаларын іске асыру шеңберінде әзірленген партияның «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» жобаларына ерекше назар аударылды.


Барлық жоба халықтың нақты мәселелерін шешуді көздейді және оларды қоғам қызу қолдап отыр.


«Жер аманаты» жобасы аясында екі жыл ішінде 10 миллион гектардан астам жер мемлекетке қайтарылған. 


Қаңтар-ақпан айларында «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша 15 мың адам қаржылық сауаттылықты арттыру курсынан өткен. Жыл соңына дейін тағы да 750 мың азаматты оқыту жоспарланып отыр. 


Депутаттардың парламенттік дипломатия бағытындағы қызметі туралы ақпарат берді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәжіліс #Ерлан Қошанов #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Бүгін 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Бүгін 17:42

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Бүгін 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Бүгін 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика