AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Премьер-министр ЕҮАК отырысына қатысу үшін Минск қ...

Премьер-министр ЕҮАК отырысына қатысу үшін Минск қаласына барды

Саясат 20.06.2022, 16:34 2,360
Премьер-министр ЕҮАК отырысына қатысу үшін Минск қаласына барды
Сурет: Ашық дереккөз

Электрондық сауда кезінде салық салу мәселелерін талқылау жоспарланып отыр


Премьер-министр Әлихан Смайылов бастаған Қазақстан Республикасы Үкіметінің делегациясы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына қатысу үшін Минск қаласына келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.


Шараға Арменияның Үкімет басшысы Никол Пашинян, Беларусь Үкіметінің басшысы Роман Головченко, Қырғызстанның Үкімет басшысы Акылбек Жапаров, Ресейдің Үкімет басшысы Михаил Мишустин, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович және т.б. қатысады. 


Шағын және кеңейтілген құрамда өтетін кеңес отырыстарында Еуразиялық экономикалық одақтың біріктірілген ақпараттық жүйесін дамыту, тауарларды таңбалауды жүргізу, алкоголь нарығын реттеу және электрондық сауда кезінде салық салу мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.


Бұдан бөлек, отырысқа қатысушылар «Шығыс-Батыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» бағыттарында, оның ішінде Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында ЕАЭО-ның көлік инфрақұрылымын дамытуды, өнеркәсіптің жоғары технологиялық салаларындағы кооперацияны, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасын, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйін және басқа да бірқатар мәселені талқылайды.


Отырыс қорытындысы бойынша қабылданған шешімдерді бекітетін көп жақты құжаттарға қол қойылмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ЕАЭО #үкімет #Минск
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Зауыттар мен вокзалдар және білім беру инфрақұрылымы: өткен аптада өңірлерде қандай нысандар ашылды

Бүгін 08:15

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі

Кеше 18:11

Алматының әкімі қаланың көше-жол желісін кеңейту жобаларымен танысты

Кеше 18:08

Бүгін Алматының бір метро станциясы жабылады

Кеше 16:30

«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді.

Кеше 16:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);