Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / PR - экономикалық ынтымақтастықтың жаңа қозғаушы к...

PR - экономикалық ынтымақтастықтың жаңа қозғаушы күші

Барлығы 18.11.2025, 12:37 286
PR - экономикалық ынтымақтастықтың жаңа қозғаушы күші
facebook.com/Naziya Zhoyamergenkızı

Форумда Түркияның TUSDER басқарма мүшесі Бихтер Айиылдыз "PR экономикалық ынтымақтастықтың драйвері: бизнеске арналған мүмкіндіктер" атты тақырыпта мазмұнды баяндама жасап, мемлекеттер мен компаниялар арасындағы тиімді коммуникацияның қазіргі замандағы шешуші рөліне тоқталды. Оның айтуынша, форумға қатысу үлкен құрмет, ал өз елін халықаралық алаңда таныстыру кез келген маман үшін зор жауапкершілік.

Спикер алдымен өзінің кәсіби жолын таныстырып өтті. Францияда өнер тарихы бойынша білім алған ол елге оралған соң бұл салада емес, люкс индустриясы мен коммуникация бағытында жұмыс істей бастаған. 15 жыл бойы әлемнің ең танымал брендтері Tiffani, Omega секілді компаниялардың Түркиядағы PR және коммуникация стратегияларын жүргізген. Кейінгі 5 жарым жылда өз агенттігінің негізін қалап, люкс брендтерге кеңес беру, тұрақты даму стратегияларын әзірлеу және өзі басқаратын FluMek медиа платформасында контент өндірісімен айналысып келеді.

Бихтер Айиылдыз өз баяндамасын мәдениетіміздегі PR ұғымының тамырын тарихи тұрғыдан көрсету арқылы бастаған. Оның айтуынша, Осман империясында абыройлы жаңалықтарды жариялау дәстүрі алғаш рет ресми органдар арқылы емес, сарай қызметкерлерінің халыққа жария түрде жеткізуімен басталған. Алайда бұл жүйе уақыт өте дамып, баспасөзге өту кезеңіне жол ашқан. Спикер атап өткендей, Босфор жағалауындағы әйгілі тарихи нысан Бүйік Меджидие мешіті (Ортакөй мешіті) салынған дәуірде алғаш рет сарай хабарлары газеттер арқылы жариялана бастаған. Public relations ұғымының алғашқы нақты қадамдарын дәл осы Абдүлмеджид сұлтанның дәуірімен байланыстыра аламыз," деді ол.

Баяндамашы кейінірек қоғаммен байланыс, мемлекеттік коммуникация және халықаралық имиджді қалыптастырудың жаңа кезеңіне тоқталды. Оның айтуынша, Танзимат реформалары мемлекет құрылымында бюрократияның қалыптасуына, ал бұл өз кезегінде қоғамдық коммуникацияның жаңа форматын жасауға мүмкіндік берді. PR-дың негізгі элементі қоғам және онымен байланыс орнататын институционалдық жүйе екенін ескерсек, бұл тарихи кезеңнің рөлі өте зор.

Спикер сондай-ақ Түркияның қазіргі заманғы ұлттық бейнесін танытатын маңызды нысандардың бірі Анытқабірді мысалға алып, мемлекеттің халықаралық имиджді қалыптастырудағы стратегиялық қадамдарын атап өтті. Оның айтуынша, Танзимат кезеңіндегі алғашқы PR элементтерінен бері Түркия халықаралық аренада өзін танытуда заманауи коммуникация құралдарын тиімді пайдаланып келеді, бұл тәжірибе бүгінде бизнеске де бағыт-бағдар көрсетеді.

Бихтер Айылдыз PR-дың мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастықтағы рөлін ерекше атап өтті. Коммуникацияның сапасы бизнес ортасына, инвестициялық климатқа, брендтердің жаһандық нарықтағы позициясына тікелей әсер етеді.

"Қазіргі әлемде тиімді PR тек имидж қалыптастыру тетігі ғана емес, экономикалық байланыстарды нығайтатын негізгі драйвер. Дұрыс коммуникация стратегиясы жаңа серіктестікке, жаңа нарықтарға жол ашады", - деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркітілдес журналистер қоры #PR #Түркітілдес журналистер медиа форумы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі