AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Польша делегациясы Алматының туристік әлеуетін бағ...

Польша делегациясы Алматының туристік әлеуетін бағалады

Алматы Бүгін 10:44 46 yakiya
Польша делегациясы Алматының туристік әлеуетін бағалады

Польша делегациясы Алматының туристік әлеуетін бағалады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыға құрамында LOT әуе компаниясының өкілдері, туроператорлар мен тревел-блогерлер бар Польша делегациясы келді.

Таныстыру туры аясында қонақтар қаланың ең танымал туристік орындарын аралады. Олардың ішінде атақты Көк базар, аты аңызға айналған «Рахат» фабрикасы, 28 панфиловшы-гвардияшылар саябағы бар. Делегация мүшелеріне әсіресе, Шымбұлақ курорты мен Алматының көркем көрінісі көрінетін Көктөбе саябағы ерекше әсер етті.

Сапар барысында қазақ мәдениеті мен ұлттық тағамдарға айрықша көңіл бөлінді. Қонақтар ұлттық мейрамханаларға барып, дәстүрлі тағамдардан дәм татып, отандық өндірушілердің өнімдерін көрді.

Almaty Tourism Bureau ұйымдастыруымен Польша делегациясы жергілікті туроператорлармен кездесті. Тараптар туристік өнімдерін таныстырып, тәжірибе алмасып, іскерлік байланыс орнатты. Сонымен қатар туризм саласындағы әріптестікті кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. LOT әуе компаниясының өкілдері өздерінің ұшу бағыттары мен борттық журналдарын көрсетті.

Делегация мүшелері Алматының қонақжайлығы мен туристік әлеуетіне жоғары оң баға берді. Варшава мен Алматы арасындағы тікелей әуе рейсінің ашылуы екі ел арасындағы туристердің артуымен қатар, жаңа серіктестік жобаларға жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#делегация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда №134 және №140 жаңа автобус бағыттары іске қосылады

Бүгін 11:41

Алматыда заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді

Бүгін 11:36

Президент конституциялық заңдар топтамасына қол қойды

Бүгін 11:12

Елімізде орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережелері өзгерді

Бүгін 10:35

Алматыда 4 автобустың жүріс бағыты өзгереді

Бүгін 09:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);