AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Петропавл мектебіндегі оқиға - Министрлік тексеріс...

Петропавл мектебіндегі оқиға - Министрлік тексерістің алдын ала қорытындысын жариялады

Оқиға 14.02.2023, 14:00 1,331
Петропавл мектебіндегі оқиға - Министрлік тексерістің алдын ала қорытындысын жариялады
Сурет: Ашық дереккөз

Тоқсан сайын білім беру объектілеріндегі қауіпсіздіктің жай-күйіне мониторинг жүргізіледі


Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова Петропавл мектебінде болған шабуылды тексеру нәтижесінде анықталған алдын ала деректерді жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бұл - білім беру ұйымдарындағы нұсқаулықтардың толық сақталмауы, лицензиясы бар күзеттің жоқты, турникеттердің болмауы мен мектептің ішіне кіргізу режимі бойынша талаптардың сақталмауынан. Өткізу режиміне жауапты қызметкерлер білім беру ұйымдарына әкелуге тыйым салынған заттарды анықтау бойынша жеткілікті құзыреттерге ие болмаған. Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары арасында секторлық өзара іс-қимылдың жоқтығы белгілі», - деді Балалардың құқығын қорғау комитетінің басшысы Оқу-ағарту министрлігінің шұғыл кеңесінде.



Насымжан Оспанова ведомство бұл жағдай бойынша облысқа әдістемелік және психологиялық көмек көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.



«Балалардың құқығын қорғау комитеті Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, тоқсан сайын білім беру объектілеріндегі қауіпсіздіктің жай-күйіне мониторинг жүргізеді. Бұдан басқа министрдің тапсырмасы бар. Келесі аптадан бастап 1 ай бойы бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің, сарапшылардың, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен біз барлық ел бойынша білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті ұйымдастыру мәселелері бойынша тексеру жүргіземіз», - деп түйіндеді Насымжан Оспанова.



Еске салсақ, кеше Петропавлда 9 сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ ала келіп, 3 оқушыны жарақаттады. Кейін зардап шеккен екі балаға ота жасалды.


Бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берген Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов аталған мектепте лицензиясы бар күзет қызметі болмағанын мәлім етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #Петропавл #тексеріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Досхан Жолжақсыновты мерейтойымен құттықтады

Бүгін 16:41

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов азаматтарды жеке қабылдады

Бүгін 16:31

Қырғызстан қант импортына алты айға тыйым салынады

Бүгін 16:12

Көші-қон порталы арқылы қалай өтінім беруге болады?

Бүгін 15:06

3,4 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін 14:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);