Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Петропавл халықаралық әуежайы үшінші рет сатылымға...

Петропавл халықаралық әуежайы үшінші рет сатылымға шығарылады

Оқиға 26.05.2022, 16:30 1,451
Петропавл халықаралық әуежайы үшінші рет сатылымға шығарылады
Cурет: Inform.kz

Жылда әуежай жұмысына бюджеттен 200 млн теңге жұмсалады


Петропавл әуежайы екі рет сатылымға шығарылып, өтпеді. Жергілікті билік маңызды нысанды сенімгерлік басқаруға беріп, шығынды кәсіпорынның жағдайын түземек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, әуежай мүлкі жақын маңда тағы да саудаға түседі.



«Бірінші саудада өтпегендіктен екінші рет бағасын екі есе арзандатуға мәжбүр болдық. Осы жолы, үшінші саудада алғашқы құнын қайтарамыз, яғни 5,6 млрд теңгеге саудаланбақ. Қызығушылар табылуы мүмкін», - дейді өңір басшысы.



Құмар Ақсақаловтың айтуынша, жыл сайын әуежай жұмыс істеуі үшін бюджеттен 200 млн теңге жұмсалады.



«Қазір әуежай жұмыс істеп тұр. Бірақ авиациялық қауіпсіздік қызметі бізге ондағы олқылықтардың орнын толтырыңдар деп үнемі айтады. Мәселен мұнай қоймасы керек. Сонда үлкен ұшақтар ұшатын болады, бұл тасымалды арттырады. Бірақ бұл мәселені шешу үшін үлкен инвестиция қажет. Көптеген мамандарды тарту қажет. Өкінішке орай, біз әзірге бюджет қаражатына бұл шығындарды енгізе алмаймыз. Инвесторлар келіп, бизнесті жүргізуі керек. Ол үшін халықаралық әуе компанияларымен байланыс орнатып, келіссөздер жүргізу қажет. Әкімдік бұл шаруамен айналыса алмайды», - деді СҚО әкімі.



Бұған дейін Петропавл әуежайының сатылымға шығарылғанын айтқан едік.
Сауда 12 мамыр күні өтіп, әуежай сатылмады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әуежай #Петропавл #сатылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика