AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Павлодарда үш адамның өліміне себеп болған жүргізу...

Павлодарда үш адамның өліміне себеп болған жүргізуші 5 жылға сотталды

Оқиға 03.04.2026, 09:33 173 Дина
Павлодарда үш адамның өліміне себеп болған жүргізуші 5 жылға сотталды
видео скрині

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатына кінәлі деп танылған жүргізуші 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Апат салдарынан жүкті әйел, оның кәмелетке толмаған ұлы және тағы бір жолаушы көз жұмған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оған сот үкімі шықты. Ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қайғылы оқиға былтыр жазда Атамекен – Русская Поляна автожолында болған. Республикалық трассаның 42-шақырымында жүргізуші жылдамдықты төмендетпей, көлікті басқара алмай, жол жиегіне аударылған.

Сотта анықталғандай, ол бірнеше жыл бойы заңсыз жолаушы тасымалымен айналысқан. Апат болған күні ер адам жұбайымен бірге Павлодардан Ақтоғайға жолаушыларды алып шыққан. Жол апаты салдарынан жүктіліктің алтыншы айындағы жас әйел мен оның 13 жастағы ұлы оқиға орнында қаза тапты. Тағы үш адам, соның ішінде жүргізушінің өзі де, ауруханаға жеткізілген. Ал екінші жолаушы арада бір жарым айға жуық уақыт өткенде жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Сот мәліметінше, айыпталушы бір ғана дөңгелегінің тозғанын айтқан. Алайда көлікті тексеру хаттамасында төрт бірдей шинаның протекторлары жоқ екені көрсетілген.

Сот ер адамды Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі — «Жол жүрісі қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу» бойынша кінәлі деп таныды. Ол ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді. Сондай-ақ 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Үкім оқылғаннан кейін сот залында қамауға алынды.

Сотталған азамат қаза тапқан жүкті әйелдің анасы мен жұбайына 5 миллион теңгеден өтемақы төлеуге міндеттелді.

Судьяның айтуынша, моральдық шығын толық көлемде өндірілген. Өйткені жәбірленуші ер адам бұл апатта жұбайынан, ұлынан және әлі дүниеге келмеген баласынан айырылса, екінші жәбірленуші қызы мен немересінен айырылған.

Алайда марқұм әйелдің туыстары сот үкімімен келіспей отыр. Олар жазаны жеңіл деп санап, үкімге шағымданбақ.

Қаза тапқан әйелдің жұбайы бұл апатта бүкіл отбасынан айырылғанын айтып, кінәліге қатаңырақ жаза сұрағанын жеткізді. Оның сөзінше, бірнеше жылдан кейін бостандыққа шыққан соң, сотталған азамат қайтадан заңсыз жолаушы тасымалымен айналысуы мүмкін.

Сонымен қатар сот Павлодар облыстық Полиция департаменті мен Мемлекеттік кірістер департаментінің атына заңсыз жолаушы тасымалдаумен айналысатын жүргізушілерді анықтау бойынша шара қабылдау жөнінде жеке қаулы шығарды.

Еске салайық, биыл наурызда Жамбыл облысында да адам өлімімен аяқталған жол апатына қатысты сот шешімі шыққан болатын. Іс материалдарына сәйкес, белгілі спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы көлікті шаршаған күйде басқарып, тізгінге ие бола алмай қарсы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан көлік аударылып, екі жолаушы — сотталушының құрбысы мен әпкесі қаза тапқан. Сот оны да 5 жылға бас бостандығынан айырып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);