AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Парижде «Менің атым Қожа» кітабының француз тілінд...

Парижде «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліндегі аудармасы таныстырылды

Мәдениет 06.11.2024, 19:09 1,117 dulatbekova
Парижде «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліндегі аудармасы таныстырылды
Сурет: Gov.kz

Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде белгілі жазушы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған конференция өтті.

Іс-шара аясында «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліне аударылған нұсқасының тұсаукесері ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Конференцияға ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Эрнесто Оттоне, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымындағы Қазақстан өкілі Бақытжан Омар қатысты.

Қатысушылар Бердібек Соқпақбаев кітабының аудармасы француз оқырмандарына қазақ мәдениетін танытып, Қазақстан халқының бай дәстүрлері мен құндылықтарын ашатынына сенім білдірді.

Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығының ЮНЕСКО-ның атаулы даталар күнтізбесіне енгізілуі оның әлемдік мәдениетке қосқан үлесінің маңыздылығын көрсетеді. 1952 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болған қаламгер көзі тірісінде-ақ қазақ балалар әдебиетінің классигі ретінде танылды. Балалардың ғана емес, ересектердің де сүйікті жазушысына айналған оның шығармашылығы ұрпақ тәрбиесінде әлі күнге өзектілігін жоймай келеді.

Қазақстан тарапы ЮНЕСКО-ға іс-шараны ұйымдастырудағы қолдауы үшін алғыс білдіріп, қазақ халқының мұрасын халықаралық аренада насихаттайтын мәдени іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Менің атым Қожа #кітап #Француз #аударма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар Сербиядағы турнирде жеті медаль жеңіп алды

Бүгін 18:32

Өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:29

Қазақстандық оқушылар OIBO-2026 халықаралық ашық биология олимпиадасына қатысуда

Бүгін 18:26

Мәдениет шамы сөнбесін

Бүгін 17:36

Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);