конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Панфилов көшесінің төменгі бөлігі де абаттандырыла...

Панфилов көшесінің төменгі бөлігі де абаттандырылады

Алматы Бүгін 14:48 36 Сұлу
Панфилов көшесінің төменгі бөлігі де абаттандырылады

Алматының тарихи орталығында қоғамдық кеңістік біртіндеп ретке келе бастады. Қазір Жібек жолынан Райымбек даңғылына дейінгі Панфилов көшесінің бөлігі де жаңартылып жатыр. Аумағы 1,7 гектар болатын бұл аумақ ұзақ уақыт бойы жаңғырмаған. Енді ол қала орталығындағы жаяу жүргіншілер кеңістігінің заңды жалғасына айналып, мұнда қауіпсіз әрі функционалды қоғамдық орта қалыптаспақшы.

Аумақты абаттандыруды тұрғындардың өзі ұсынып, «Халық қатысатын бюджет» (ХҚБ) бағдарламасы арқылы бекітілді. Кейін жоба ауданның қосымша қаржыландыруымен қолдау тапты. Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин пресс-тур барысында бұл жоба Алматы-2 теміржол вокзалына апаратын маңызды транзиттік бағытта тұрғындар үшін жайлы әрі жарық қоғамдық орта қалыптастыруды көздеп отырғанын айтты.

Құрылыс жұмыс биылғы 18 мамырда басталды. Жобада микроклиматты жақсартып, жаяу жүргіншілерді шаңнан қорғауға көп көңіл бөлінген. 1,0 гектар аумақты түгел көгалдандырмақшы. Мұнда қолданыстағы ағаштар сақталып, құнарлы қара топырақ төселіп, 10 мың шаршы метр аумаққа көгал егіледі. Жол жиегінде табиғи жасыл қорғаныс белдеуін қалыптастыру үшін 18 мың көпжылдық бұта егілмек. Өсімдіктердің жақсы жерсінуін қамтамасыз ету мақсатында автоматты және тамшылатып суару жүйесін де орнатқалы отыр.

Жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы орналасқан 0,7 гектар аумақ толық жаңғыртылады. Мұнда тозуға төзімді 6 325 шаршы метр тас пен 750 шаршы метр асфальт төселеді. Қоғамдық кеңістіктің тазалығын сақтау үшін 20 жаңа қоқыс жәшігі де орнатылады. Сонымен қатар кешкі уақытта қауіпсіздікті арттыруға ерекше назар аударылып, 2,1 шақырым кабель желісі тартылып, осы заманғы 106 жарықтандыру бағанасы орнатылады.

«Бұл жоба ең алдымен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Панфилов көшесінің төменгі бөлігі – адам көп жүретін маңызды аудан. Міндетіміз оны жарық, таза әрі жайлы ету. Біз тек тас төсеп жатқан жоқпыз. Суару мәселесін шешіп, қосымша жарықтандыру орнатып, жол бойында жасыл қорғаныс белдеуін қоса қалыптастырып жатырмыз. Қала орталығы мен шет аймақ деп бөлмей, барлық жерде тұрғындарға бірдей қолайлы орта қалыптастыруымыз керек», – деді аудан әкімі Арман Шамшин.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Панфилов көшесі #абаттандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір аптада қияр, қырыққабат және картоп айтарлықтай арзандады

Бүгін 15:11

Алматыда жер сілкінісі туралы ерте ескерту жүйесінің 35 сейсмикалық станциясы салынды

Бүгін 15:08

Алматының тарихи орталығы жаңа келбетке ие болады

Бүгін 15:01

Чайковский көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағы жайлы бола түседі

Бүгін 14:58

Алматы хайуанаттар бағында тотықұстардың қатары толықты

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);