Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / "Палау орталығындағы" жарылыс: Щучинск қаласында б...

"Палау орталығындағы" жарылыс: Щучинск қаласында болған қайғылы жағдайдан 7 адам көз жұмды

Оқиға 27.02.2026, 08:55 185
"Палау орталығындағы" жарылыс: Щучинск қаласында болған қайғылы жағдайдан 7 адам көз жұмды
Сурет: nstagram/112aqmola

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 ақпан күні Щучинск қаласындағы «Центр плова» дәмханасында кешкі уақытта бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан бір қабатты дәмханада газ-ауа қоспасының жарқылы болып, артынша өрт шыққан, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны жеті адамға дейін өсті. Бұл туралы 27 ақпанда Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі де растады.

Қайғылы оқиға салдарынан қаза болғандардың арасында 16 жастағы қыз бар. Қазіргі таңда 13 зардап шегуші Бурабай аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Алты адам амбулаториялық бақылауға жіберілген.

Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қосымша медициналық бригадалар жедел түрде жасақталды. Барлық қажетті ресурстар, мамандар мен дәрі-дәрмек қоры жұмылдырылған. Санитарлық авиация оқиға орнына жіберілді.

Щучинск қаласының стационарына күйіктің әртүрлі дәрежесімен 13 науқас түскен. Олардың алтауы Көкшетау қаласындағы көпбейінді облыстық ауруханаға ауыстыруға дайындалуда. Облыс орталығынан қосымша үш анестезиолог-реаниматолог бригадасы тартылған.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Амренова зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта оқиға орнында облыстық жедел штаб жұмыс істеуде. Жарылыстың себептері анықталуда. Облыс әкімдігі қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккен азаматтарға қажетті көмек көрсететінін хабарлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жарылыс #дәмхана #қайғылы жағдай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Қытайда тағы бір марапатқа ие болды

Бүгін 16:17

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Бүгін 16:05

Дархан Сатыбалды Алматыда инженерлік желілерді жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды

Бүгін 15:48

Қызылордада өрт кезінде 5 адам құтқарылды

Бүгін 15:31

ҚазҰУ-да инклюзив үстелүсті чемпионаты өтті

Бүгін 15:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика