AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Өзге елде 20 жылға сотталған қазақстандық кінәсіз...

Өзге елде 20 жылға сотталған қазақстандық кінәсіз деп танылды

Оқиға 24.03.2023, 16:29 1,095
Өзге елде 20 жылға сотталған қазақстандық кінәсіз деп танылды
Сурет: 24.kz

Қазақстандықтың бес жарым жыл уақыты зая кетті.


Францияда 20 жылға бас бостандығынан айырылған қазақстандық София Боднарчук кінәсіз деп танылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Осыдан 11 жыл бұрын қарағандылық София Боднарчук Францияға аттанып, сол елдің азаматына тұрмысқа шыққан. Дегенмен 2016 жылы оның жұбайы София мен екі жасар қызының көзінше өз ата-анасын атып өлтірді.


Оқиғадан кейін қазақстандық бес жарым жылға жуық уақытын француз түрмесінде өткізді. Оған бұл істе сыбайлас болды деген айып тағылды. Сот процесінде күйеуінің туыстары жалдаған 6 адвокат София Боднарчукке қарсы сөз сөйледі.


Бұл аралықта Софияға отандастары қолдау білдірді. Кейін бұл іске білгілі заңгер Эдуард Марсиал кірісті.



«Мен жалғыз қалдым. Не француз тілін, не заң білмеймін. Дегенмен мені елшілік өкілдері қолдады. Бұрынғы елші Жан Ғалиев пен заң кеңесшісі Рүстем Өмірзақовқа алғысымды білдіремін. Осы жылдар ішінде олар маған қолдау көрсетті, сот процестерінде болды», - деді София Боднарчук.



Адвокат Эдуард Марсиалдің айтуынша, әділетсіз үкімнің басты себебі – өзгелердің немқұрайдылығы.



«Оны әрқашан сыбайлас ретінде қарастырды. Оның айғақтарына сенімсіздік танытты. Салдарынан сотта Софияға бай француздың мүлкін иемденбек болған деп күмән келтірілді. Ол сот үкімімен 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл мен үшін күтпеген шешім болды. Мен қай жерде, қандай ағаттық жібергенімді түсінбедім», - деді адвокат Эдуард Марсиал.



Алайда, соңында іс София Боднарчуктың пайдасына шешілді. Енді Франция тарапы әділетсіз үкімнен келтірілген залалды өтеуі тиіс. Өзінің кінәсіздігін дәлелдеген қазақстандық енді ата-ана құқығын қайтаруға ниетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – ең қымбат құндылықтардың бірі

Бүгін 12:45

Қала күніне орай «Ән Алматы» мерекелік концерті өтті

Бүгін 11:55

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Дональд Трамп Тоқаевқа құттықтау хат жолдады

Бүгін 11:14

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады

Бүгін 11:02

Президент Елена Рыбакинаны АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Бүгін 09:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);