AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Өзбекстанда 400-дей мектеп қазақ тілінде білім бер...

Өзбекстанда 400-дей мектеп қазақ тілінде білім береді

Әлем 21.08.2021, 12:44 1,375 Almaty-akshamy
Өзбекстанда 400-дей мектеп қазақ тілінде білім береді
сурет: Strategy2050.kz

Одан бөлек, Өзбекстан елшісі екі ел аумағында бірлескен фармацевтика өнеркәсібін ашу жоспарланып жатқанын айтты.


Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаевтың айтуынша, елде 400-дей мектеп қазақ тілінде білім беруде. Сонымен қатар, Өзбекстанның 7 жоғары оқу орнында гуманитарлық және техникалық мамандықтар қазақ тілінде үйретіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақ радиосына сілтеме жасап. 



«2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан республикасы жылы аталып өтті. Айтулы жыл аясында Қазақстанда түрлі бағыттағы 90-нан астам іс-шара ұйымдастырылды. Сәйкесінше, 2019 жылы біздің елде Қазақстан жылы аталып өтілді және оның аясында 80-нен астам іс-шара өтті. Екіжақты өткен іс-шаралар саяси, ағарту, мәдени және гуманитарлық бағытты меңзеді. Өкінішке қарай, 2020 жылы пандемияға байланысты екіжақты іс-шараларды тоқтата тұруға тура келді. Дегенмен екі ел арасындағы өзара байланыс тоқтаған емес», - деді Саидикрам Ниязходжаев елордадағы Өзбекстан елшілігінде өткен баспасөз мәслихатында.



Одан бөлек, елші Өзбекстандағы қандастардың тағдыры туралы айтты.



«Қазіргі таңда Өзбекстанда 822 мың қазақ өмір сүріп жатыр. Олар Өзбекстан елінің дамуына өз үлесін қосуда. Біздің елде 400-дей мектеп қазақ тілінде білім беріп жатыр. Сонымен қатар, Өзбекстанның 7 жоғары оқу орнында гуманитарлық және техникалық мамандықтар қазақ тілінде үйретіліп жатыр. 1992 жылдан бері Өзбекстанның 30 облыс орталығында қазақ мәдени орталығы жұмыс істеп тұр», - дейді ол.



Бұған дейін, Саидикрам Ниязходжаев биылғы 6 ай ішінде Қазақстан мен Өзбекстан елі арасындағы тауар айналымы 1,9 млрд АҚШ долларға жеткенін мәлім етті. Одан бөлек, Өзбекстан елшісі екі ел аумағында бірлескен фармацевтика өнеркәсібін ашу жоспарланып жатқанын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өзбекстан #қазақ мектептері #достық байланыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда құқықтық мәдениет тақырыбын көтерген конференция өтті

Бүгін 10:35

Сейфуллин – Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы аяқталды

Бүгін 10:18

Алматыда JAN Production киностудиясының директоры қамалды

Бүгін 09:10

Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:39

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);