2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы қарсаңында Алматы тұрғындары өздерінің сайлау учаскесі туралы ақпаратты жедел алып, сайлаушылар тізіміне енгізілгені жөніндегі мәліметтерді тексере алады.
Қала тұрғындарына қолайлы болу үшін Алматы қаласының әкімдігі мен Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы ақпарат алудың бірнеше арнасын ұйымдастырды. Мәліметтердіelectorat.almaty.kz веб-сервисі, @almaty_quryltai2026_bot Telegram-боты, https://mapalmaty.kz/elections2026 интерактивтісайлау учаскелері картасы, сондай-ақ 109 бірыңғайбайланыс орталығының телефоны арқылытексеруге болады.
Байланыс орталығының операторлары азаматтың сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексеруге, тіркелген жері бойынша сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын хабарлауға, сондай-ақ дауыс беру тәртібіне қатысты сұрақтарға жауап беруге көмектеседі.
109 байланыс орталығы тәулік бойы, демалыс жәнемереке күндерінсіз жұмыс істейді. Байланысоператорларының абоненттері үшін қоңырау шалу тегін.
Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы өз сайлау учаскесі туралы мәліметтерді алдын ала тексеру дауыс беру күні туындауы мүмкін қиындықтардың алдын алуға және сайлауға қатысу үшін қажетті ақпаратты алдын ала нақтылауға мүмкіндік беретінін еске салады.
Кеңесті тәуліктің кез келген уақытында 109 нөмірі арқылы алуға немесе тәулік бойы қолжетімді цифрлық сервистерді пайдалануға болады