Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Өткен жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ере...

Өткен жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ереже бұзған 655 адам әкімшілік жауапқа тартылды

Заң мен тəртіп 05.05.2023, 11:03 1,208
Өткен жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ереже бұзған 655 адам әкімшілік жауапқа тартылды
Сурет: Adrenalinicsilence.kz

Былтыр ұлттық парктерге 2 млн-нан аса адам барған. 


Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Былтыр ерекше қорғалатын табиғи аумақта бақылау-инспекциялық қызмет шеңберінде 2 992 рейд жүргізіліп 44 құқық бұзушылық анықталды. Нәтижесінде 655 адамға 640 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - деп мәлім етті Данияр Тұрғамбаев.



Сонымен қатар, оның айтуынша, өткен жылы ұлттық парктерге келушілер саны 2 млн асты. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 25%-ға көп.



«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы жинаудың ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында ұлттық парктердің бақылау-өткізу пункттерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде «Көлсай» бақылау-өткізу пункті автоматтандырылды, сондай-ақ төлемдерді қабылдаудың интеграцияланған жүйесімен жаңа сайт әзірленді. Аталған жұмыстың қорытындысы бойынша осы тәсілді барлық ұлттық парктерге енгізу мүмкіндігі қарастырылуда. Биыл Іле-Алатауы, Шарын және Баянауыл ұлттық парктерінде бақылау-өткізу пункттерін автоматтандыру жоспарлануда», - деп бөлісті комитет төрағасының орынбасары.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ерекше қорғау #табиғи аумақтар #ұлттық парктер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Кеше 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Кеше 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Кеше 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Кеше 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Кеше 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика