AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Орташа жылдамдықты қадағалау жүйесі көбейеді

Орташа жылдамдықты қадағалау жүйесі көбейеді

Заң мен тəртіп 20.04.2026, 17:20 189 yakiya
Орташа жылдамдықты қадағалау жүйесі көбейеді
Элеонора Якия

Қазақстандағы автожолдарда орташа жылдамдықты қадағалау жүйесі тағы 18 учаскеде енгізіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі Ведомствоаралық комиссия отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі Ведомствоаралық комиссияда жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаңғыртудың негізгі құралдары туралы баяндады.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда 5 жыл ішінде 11 мың шақырым жол жаңғыртылды. Бұл – еліміздегі жол желілерінің жалпы ұзындығының 45 пайызы. Учаскелерді I және II техникалық санаттарға ауыстыру қарама-қарсы бағыттарды бөлу және жүру бөлігін кеңейту есебінен қауіпсіздік деңгейін арттырға мүмкіндік берді. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және транзиттік көліктер елді мекендерге соқпауы үшін 65 айналма жол және 38 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды. Кешенді жоспар аясында жыл сайын 8 мыңнан астам жол белгілері мен таңбалары жаңартылып отырады.

"Жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – жылдамдықтың артуы болып қалып отырғандығы ескеріліп, жылдамдық режимін бақылау құралдарына ерекше назар аударылуда. Бүгінгі таңда орташа жылдамдықты қадағалау жүйесі жалпы ұзындығы 2 мың шақырым болатын ең қарқынды 8 ақылы учаскеде енгізілді, бұл шара жол апаттары санын 15 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді. Осы оң әсерді ескере отырып, биыл мамырдың соңына дейін ұзындығы 2,9 мың шақырым болатын тағы 18 учаскеде жүйені кеңейту жоспарлануда", - деп атап өтті министр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жылдамдық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Домбыраға тіл тигізген ақтөбелік сотталды

Бүгін 18:27

Алматыда қайта өңделген пластиктен жасалған орындықтар аллеясы ашылды

Бүгін 18:16

Қуыршақ театры Халықаралық Шекспир фестивалінде алғаш рет қазақ тіліндегі спектакль ұсынды

Бүгін 17:04

Алматы Оқушылар сарайының жас өнерпаздары «Бозторғай» гала-концертінде өз өнерлерін паш етті

Бүгін 17:02

5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі.

Бүгін 16:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);