Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Орталық Азия мұраты» монографиясы жарық көрді

«Орталық Азия мұраты» монографиясы жарық көрді

Білім және ғылым 25.02.2026, 18:31 227
«Орталық Азия мұраты» монографиясы жарық көрді
ҚазҰУ

2026 жылғы 25 ақпанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы 80 жылдық мерейтойы аясында «Халықаралық қатынастар» зерттеу орталығының ресми ашылу салтанаты және Жекенов Думан Құрманғазыұлының «Орталық Азия мұраты» атты ғылыми монография таныстырылымы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ғылыми қауымдастық пен қалың оқырман назарына ұсынылған «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография – Орталық Азия кеңістігін терең әрі жүйелі зерделеуге бағытталған ауқымды ғылыми ізденістің нәтижесі. Кітап авторы аймақ мәселелерін тек академиялық тұрғыдан ғана емес, азаматтық жауапкершілік деңгейінде қарастырып, Орталық Азияны танудың жаңа интеллектуалдық бағытын ұсынады.

Монографияның өзегінде бір қарапайым, бірақ салмақты сұрақ жатыр: тәуелсіздік алғанымызға отыз бес жылдан асса да, біз өзімізді толық танып үлгердік пе? Бізді не біріктіреді? Не алшақтатады? Ортақ мүдде қай тұста тоғысады? Осы сауалдар еңбектің ішкі философиялық арқауын құрайды.

Бір қарағанда Орталық Азия – геосаяси картадағы аймақ қана. Алайда автор бұл кеңістікті тек саяси-әкімшілік шеңберде емес, өркениеттік, тарихи және мәдени тұтастық ретінде қарастырады. Әр тасы – тарих, әр өзені – тағдыр, әр қаласы – өркениет екені айқындалады. Кітапта аймақ мемлекеттерінің даму эволюциясы, ішкі саяси динамикасы, сыртқы саясаттағы басымдықтары, қауіпсіздік мәселелері және халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны кешенді түрде талданады.

Еңбектің ерекшелігі – Орталық Азияны сырт көздің бағалауы арқылы емес, аймақтың өз танымы мен мүддесі тұрғысынан түсіндіруге ұмтылуы. Жекенов Д.Қ.  батыстық аналитикалық үлгілерге сыни көзқарас білдіре отырып, аймақ туралы пайымдауды жергілікті ғылыми ойлау жүйесі арқылы негіздеуді мақсат етеді. Бұл – интеллектуалдық тәуелсіздікке ұмтылыс.

«Орталық Азия мұраты» – академиялық-қоғамдық ой кітабы. Ғылым тек ғылыми ортада қалып қоймай, қоғамның өзекті сұрақтарына жауап беруі тиіс деген ұстаным айқын байқалады. Сондықтан еңбек тек ғалымдарға ғана емес, студенттерге, журналистерге, сарапшыларға, кәсіпкерлерге және саясаткерлерге де арналған. Автор күрделі қоғамдық-геосаяси мәселелерді ғылыми жүйелеу арқылы түсіндіруге тырысқан.

Монография әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «Аймақтық қатынастарды талдау» ғылыми-зерттеу орталығы бастамашы болған «CENTRAL ASIAN DREAM» жобасы аясында дайындалған. Жобаның мақсаты – Орталық Азия аймағында болып жатқан үдерістерге сыни-сараптамалық талдау жасап, аймақ жетістіктерін жүйелеу және насихаттау, ең бастысы – аймақ елдерін бір-бірін тереңірек тануға шақыру.

Зерттеу барысында Думан Құрманғазыұлы бір маңызды мәселеге назар аударады: аймақ халықтары бір-бірін әлі де жеткілікті деңгейде танымайды. Тәжік жазушысы қазақ аудиториясына беймәлім, қырғыз ақыны өзбек оқырманына таныс емес, түрікмен зерттеушісінің еңбегі қазақстандық ғылыми ортаға жете бермейді. Аймақтық бірлік туралы айту үшін алдымен өзара таным мен интеллектуалдық алмасуды күшейту қажет. Монография осы олқылықтың орнын толтыруға бағытталған алғашқы қадамдардың бірі.

Автор бұл еңбекті соңғы сөз ретінде емес, пікірталасқа шақыру ретінде ұсынады. Орталық Азия мәселелері әлі де терең зерттеуді қажет етеді. Сондықтан кітап аймақтық зерттеулерді бірлесіп дамытуға, ортақ ғылыми платформа қалыптастыруға үндейді.

«Орталық Азия мұраты» – жай ғана ғылыми еңбек емес. Бұл – аймақтың болашағына қатысты ой-толғам, бірлікке шақыру және интеллектуалдық жауапкершіліктің көрінісі. Егер бұл еңбек оқырманды ойландырса, сарапшыларды пікірталасқа жетелесе, билік пен ғылыми қауымдастықтың назарын аударса – автор көздеген мақсат орындалды деуге болады.

Орталық Азияны тану – өзімізді тану. Ал өзара таным мен түсіністік – аймақтық бірліктің басты алғышарты. Монографияның негізгі мұраты да – осы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#монография
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы ғылыми әлеуетін нығайтып жатыр: Satbayev International Conference 2026 жиынында климаттық технологиялар талқыланды

Бүгін 14:48

Астанада пәтер өртеніп, үш бала қаза тапты: аман қалған әйелдің жағдайы айтылды

Бүгін 14:40

Академиялық ұтқырлық пен жаһандық білім кеңістігі

Бүгін 14:18

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі ажырасуға не себеп болғанын ашық айтты

Бүгін 14:09

Алматының Наурызбай ауданында 35 абаттандыру жобасы қолға алынып, жаңадан 38 аула ашылмақшы

Бүгін 12:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика