AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Оркестр сахнасына дирижер болып робот шығады

Оркестр сахнасына дирижер болып робот шығады

Мәдени Алматы 10.09.2026, 11:13 317
Оркестр сахнасына дирижер болып робот шығады
РСК Алматы

Кештің музыкалық бағдарламасы Алматының туған күніне арналған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Робот-дирижер Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің 93-концерттік маусымының ашылуына қатысады. 11 қыркүйекте Алматыда өтетін концерт қала күніне орай ұйымдастырылып отыр. Кештің бағдарламасы мен ұжымның жаңа жобасы туралы оркестрдің басшылығы мен өнерпаздары Өңірлік коммуникациялар қызметінде баяндап берді.

Кештің басты жаңалығы — дәстүрлі оркестр мен қазіргі технологияның бір сахнада тоғысқаны болып отыр. Ұйымдастырушылар робот-дирижерді сахнаға шығару арқылы жас көрермендерді ұлттық музыкаға тартпақ ойда.

«Жоба ұлттық музыкалық дәстүр мен замандық технологияны бір сахнада тоғыстыруды көздейді. Бұл — қазақтың дәстүрлі музыкасын сақтай отырып, оны қазіргі көркемдік және технологиялық шешім арқылы жаңа аудиторияға ұсынуға бағытталған үлкен эксперимент», — дейді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері Абылай Тілепберген.

Кештің музыкалық бағдарламасы Алматының туған күніне арналған. Кеш барысында қалаға арналған шығармалар, қазақ киносының танымал саундтректері, классикалық туындылар мен күй өнерінің жауһарлары орындалады. Концерт DJ сүйемелдеуімен және Алматының символының бірі — апорт алмасына арналған көрмемен толыға түспекші.

Кешке Жұбаныш Жексенұлы, Батыржан Мықтыбаев, Ұлжан Байбосынова, Айдос Жабағин мен Әсель Рақымжан сынды танымал өнерпаздар қатысады. Робот-дирижермен қатар Абылай Тілепберген, Жексен Айсын мен Нарын Қажығали да сахнаға шығады. Көркемдік жетекшісі - Батыржан Мықтыбаев.

Маусым бойы форматқа қатысты эксперимент жалғаса береді. Көрермендерге «Kurmangazy: next cover concert», «Шам жарығындағы әуен», «QURMANҒAZY COMPOSER LAB» пен «Cinema hits» жобасын ұсынады.

«Бұл біздің 93 концерттік маусымымыз. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 90 жылдан астам тарихы бар үлкен ұжым. Ол ұлттық музыкалық мұраны сақтап қана қоймай, оны қазіргі мәдени кеңістікте насихаттап жүр», — деді концерт бөлімі басшысы Шолпан Смайылова.

Ұжым жұмысының негізгі бағыты — ұлттық музыкалық мұраны сақтау. Оркестр репертуарында Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Дина мен Сейтек шығармалары ерекше орын алады.

«Ұлттық аспаптық музыка дәстүрін жалғастырып, оны жаңа форматта ұрпаққа ұсыну оркестрдің басты миссиясы», — деді Санжан Сабырғалиева.

Маусымның ашылу концерті Құрманғазы атындағы оркестрдің залында өтеді. Мекенжайы: Абылай хан даңғылы, 83. Басталуы — сағат 19:00-де.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына келіп түскен құттықтау жеделхаттары

Бүгін 13:45

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бүгін 12:35

Алматы қаласында үлкен мерекелік OPEN AIR концерті өтеді

Бүгін 12:33

Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді

Бүгін 12:30

Әнұран әуенімен: Республика күнін Медеуде 1500-ге жуық алматылық қарсы алды

Бүгін 11:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);