конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / «Өрімдей жастар құрбан болып жатыр». Тоқаев Ресей-...

«Өрімдей жастар құрбан болып жатыр». Тоқаев Ресей-Украина қақтығысын тоқтатуға шақырды

Саясат Бүгін 10:32 41 Дина
«Өрімдей жастар құрбан болып жатыр». Тоқаев Ресей-Украина қақтығысын тоқтатуға шақырды
ТАСС

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты ұстанымын білдіріп, ең алдымен атысты уақытша тоқтатып, келіссөздерді қайта жандандыру қажет екенін айтты, , – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, Ресей мен Украина арасындағы жағдай – мемлекетаралық қақтығыс. Ол Қазақстанның украин халқына, оның тілі мен мәдениетіне әрдайым құрметпен қарайтынын атап өтті.

– Меніңше, қақтығысты уақытша тоқтатып, «Ыстанбұл 2.0» форматына қайта оралған дұрыс. Себебі аталған келіссөз барысында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілген еді. Содан кейін алпауыт елдердің, соның ішінде Ресейдің кепілдігі арқылы көптен күткен бейбітшілікке қадам басуға болады, – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанның бұл қақтығыста арағайын болудан үзілді-кесілді бас тартатынын мәлімдеді.

– Ресей – ұлы ел, ал орыс халқы – ұлы халық. Күн тәртібіндегі барлық мәселені делдалсыз-ақ шеше алады. Алайда бүгін өз пікірімді білдіруді жөн көрдім. Тығырықтан қалай шығу керек екенін ешкім білмейді. Қос тараптың өз ұстанымы бар. Әйтсе де, осы алауыздықты уақытша доғаруға болады. Бұл – сынақтан өткен халықаралық тәжірибе. Өкінішке қарай, өрімдей жастар құрбан болып жатыр. Олар – бауырлас Ресей мен Украина халықтарының келешегі. Сондықтан мұның бәрін тоқтату керек. Менің ойымша, қазіргі болып жатқан жағдай Ресей мен Украинаның дұшпандарына ғана тиімді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сөз соңында Қазақстанның Ресеймен стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынасты одан әрі дамытуға бейіл екенін тағы бір мәрте растады.

– Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасындағы ұстанымына келер болсақ, біз Ресейді әрдайым ұлы мемлекет деп санаймыз. Мен бұл туралы барлық халықаралық форумдарда айтып жүрмін. Біз қанша қиын болса да, Ресеймен стратегиялық серіктестікті және одақтастық қатынастарды дамытуға бейілміз. Бүгінгі форум – соның айғағы, – деді Мемлекет басшысы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстаудың жер асты мешіттері: жаһандық мойындау және жаңа жауапкершілік

Бүгін 11:19

Жаңбыр жауып, күн күркірейді: бүгін Алматыда ауа райы қандай?

Бүгін 10:01

«Ашықтық пен азаматтардың қатысуы артады»: халықаралық сарапшы Қазақстан Құрылтайының реформасын жоғары бағалады

Кеше 22:27

ӘЧ жұлдызы Возинья жаңа клуб тапты: Кабо-Верде қақпашысы Чилиге ауысады

Кеше 16:45

Дастан Сәтпаев "Челси" сапында 36-нөмірмен өнер көрсетеді

Кеше 15:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);