Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау 2023 / Оқытушы-профессорлар қауымы Жолдау ел дамуына оң ә...

Оқытушы-профессорлар қауымы Жолдау ел дамуына оң әсерін береді деген пікірде

Жолдау 2023 16.03.2022, 10:37 1,776
Оқытушы-профессорлар қауымы Жолдау ел дамуына оң әсерін береді деген пікірде
almaty-akshamy.kz

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің  ұжымы мен білім алушы жастары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Парламент  палаталарының бірлескен отырысында жария еткен Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Мемлекет басшысы саяси реформалардың жаңа бағдарламасын ұсынып, әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын істер туралы баяндады. Осыған дейін саяси реформалардың төрт топтамасын ұсынғанын жеткізген президент еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын жариялайтынын  мәлімдеді.



«Мен бүгін еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынғалы отырмын. Бұл құжат, ең алдымен, қоғамның қажеттілігіне және сұранысына негізделген», - деді Қ. Тоқаев.



Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бұл өзгерістерді жұртқа жағыну үшін жасамайтынын айтты.



«Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті», - деді Президент. 



Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Гүлнар Сәрсенбекова бұл Жолдаудың саяси-әлеуметтік маңызы зор екендігіне тоқталып, жаңа Қазақстанды құрудың жаңа бас жоспары деп атады.



«Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдырамыз. Осыған орай, «Күшті Президент - Ықпалды Парламент - Есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа аламыз» деп үлкен міндет жүктеді. Бұл дамудың жаңа белесіне басталған алғашқы қадам деп есептеймін», - дейді ректор Г. Сәрсенбекова.




Ал әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі А.Б.Нұртазаева: «Ел Президентінің 2022 жылғы қаңтар қанды оқиғасынан кейін «Жаңа Қазақстанды» және «құлақ асушы мемлекетті» құру бағытындағы бастамалары мен ұсыныстары шынымен еліміздің көркеюіне және халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жетілуіне үлкен септігін тигізеді деп сенеміз. Ең бастысы - ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, Қазақстанның егемендігі, тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығы барлығынан құнды. Біз - Қазақстанның әрбір азаматы осы бағытта аянбай еңбек етіп, Президентіміздің бастамалары мен ұсыныстарына тек қолдау көрсетіп қана қоймай, солардың жүзеге асуына белсенді ат салысуға міндеттіміз», - деді.



«Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған бүгінгі Жолдауында «Қазақстандағы басқару формасы өзгеруі тиіс, парламент көп өкілеттікке ие болады. Бізге Қазақстанның дамуының саяси моделін қайта құру бойынша сындарлы қадамдар қажет. Бұл - ең алдымен суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті көшу.  Мұндай жүйе билік институттарының оңтайлы теңгерімін қамтамасыз етуге және елдің орнықты дамуына ықпал ететінін баса айтқан Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін мүмкіндіктердің теңдігіне кепілдік беруі тиіс екенін атап өтті. Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушылары Президент Жолдауын үлкен ықыласпен қабыл алды. Жаңа Қазақстан құруда жаңғыру мен жаңару жолындағы өзгерісті әр адам өзінен бастауы керек деген пікірін әр азамат өздеріне артылған сенім және үлкен жауапкершілік деп түсінеді» - деп пікір білдірді Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Р.Ш.Абдисулейменова.



«Мемлекет басшысы елімізде қаңтар айында болған жағдайға тоқталып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын бағыттарды айқындап берді. Барлық бағыттағы өзгерістер «Күшті  Президент, мықты Парламент, есеп беретін Үкімет» деген принциптің жүзеге асырылуына бағытталады.Президенттің Жолдауындағы тың реформалар еліміздің гүлденуі мен экономикасының дамуына оң әсерін береді деп сенемін», - деп пікір білдірді ҚазИТУ колледжі  директоры М.Х.Шалабаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #жолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Енді қаңғыған иттер жүрмейді". Мәжілісте бұралқы ит иелерінің жауапкершілігі қалай күшейтілетіні түсіндірілді

Бүгін 15:02

Жаркентте автотұрақтағы көлікте жалаңаш отырған екі ер адам видеоға түсіп қалды

Бүгін 14:20

Туризм Алматыға 110 млрд теңгеден астам табыс пен 200 млрд теңгеге жуық инвестиция әкелді

Бүгін 14:00

"Бір айдан бері ауруханада". Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр

Бүгін 12:46

Қазақстанда митохондриялық алмастыру терапиясы сынақтан өтіп жатыр

Бүгін 12:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика