Отырысқа қатысқан 145 депутаттың 137-сі қолдап дауыс берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.
Отырысқа қатысқан 145 депутаттың 137-сі Олжас Бектеновтің кандидатурасын қолдап дауыс берді.
Осылайша, оның Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына кандидатурасы мақұлданды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев О.А. Бектеновті тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.