AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Олжас Бектенов пен Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас...

Олжас Бектенов пен Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Иэн Сондерс ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Саясат Бүгін 09:15 36
Олжас Бектенов пен Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Иэн Сондерс ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады
Сурет: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) Бас хатшысы Иэн Сондерс Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ДКҰ басшысы арасындағы келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды ескере отырып, одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тараптар кедендік әкімшілендіру, цифрландыру және көлік-логистикалық дәліздерді дамыту салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Олжас Бектенов трансконтиненттік сауданың тұрақтылығын қамтамасыз ету ел экономикасын дамытудың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті. ДКҰ-ның 2025–2028 жылдарға арналған «Өзара байланысқан әлем үшін деректерге негізделген кеден» стратегиялық жоспарының басымдықтары Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың міндеттеріне сәйкес келеді.

Осыған байланысты Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктері мен ДКҰ қызметін үйлестіру өңірде артық кедергілерсіз және сенімді бақылауды қамтамасыз ететін кедендік өзара іс-қимылдың заманауи моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

ДКҰ Бас хатшысы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың және кеден ісі тәжірибесі деңгейін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Иэн Сондерс Қазақстанның кедендік әкімшілендіру саласында үздік стандарттар енгізуге белсенді қатысып отырғанын, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытудағы Қазақстанның байланыстырушы буын ретіндегі рөлін атап өтті.

Биылғы жеті айда ТХКБ арқылы шамамен 350 мың тонна тауар тасымалданды. Жүк ағынының қарқындылығы шамамен 24 мың көлік құралын құрады. Осы кезеңде транзиттік тауарлардың жалпы көлемі 14,6 млн тоннаға жетті.

Қазақстан Президенті жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында кедендік әкімшілендіруге заманауи шешімдер енгізілуде. Бірыңғай KEDEN жүйесі декларациялау, транзит, бақылау және тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл үдерістерін біріктіреді.

Smart Cargo платформасы көлік және мемлекеттік қызметтерді, электронды рұқсаттар мен жүктерді қадағалау құралдарын біріктіреді. Ақпараттық жүйелердің интеграциялануы бизнес ұсынатын деректердің қайталануын болдырмай, оларды жеткізу тізбегінің барлық кезеңінде мемлекеттік органдар тарапынан біртұтас пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Кездесу соңында тараптар кеден саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендерін жеткізді.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Тоқаев #кеден #Ынтымақтастық #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үкіметте «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумына дайындық мәселелері қаралды

Бүгін 09:46

Бір тәулікте 1 913 рет жол ережесі бұызлған

Бүгін 09:06

Алматыда ауа температурасы +35°С

Бүгін 09:05

Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Кеше 21:50

Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысымен кездесу

Кеше 19:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);