AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Олжас Бектенов ICAO Бас хатшысы Хуан Карлос Саласа...

Олжас Бектенов ICAO Бас хатшысы Хуан Карлос Саласармен азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады

Саясат Бүгін 12:15 40
Олжас Бектенов ICAO Бас хатшысы Хуан Карлос Саласармен азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады
Сурет: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Астанаға Авиациялық қауіпсіздік-2026 апталығына қатысу үшін келген Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) Бас хатшысы Хуан Карлос Саласармен кездесті. Бұл – ICAO Бас хатшысының Орталық Азия елдеріне алғашқы ресми сапары.

Кездесуде Қазақстанның ICAO-мен ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ елімізде экономиканың барлық басым салаларында тұрақты прогресті қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды реформаларға назар аударылды.

Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға, авиациялық хабтар қалыптастыруға және елдің транзиттік рөлін нығайтуға ерекше мән беріп отырғанын атап өтті. ICAO-мен өзара іс-қимыл Қазақстанның авиация саласы үшін стратегиялық маңызға ие.

Хуан Карлос Саласар еліміздің авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жетістіктерін жоғары бағалады. Қазақстан ICAO авиациялық қауіпсіздік деңгейі бойынша 95,7% көрсеткішімен топ-20 мемлекеттің қатарына кіреді. ICAO Бас хатшысы Қазақстан әуежай және аэронавигациялық инфрақұрылымды дамыту және нығайту бойынша маңызды шешімдер қабылдап, еліміздің авиакомпаниялары әуе кемелері паркін жаңғыртып, халықаралық маршруттық желіні кеңейтіп жатқанын атап өтті. 

Кездесуге қатысушылар Қазақстанның азаматтық авиациясының дамуында оң серпін бар екеніне тоқталды. Соңғы бес жылда авиация саласының жалпы қызметі 6,5 есеге өсіп, $2,9 млрд-қа жетті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша әуежайлардағы жолаушылар ағыны 31,8 млн адамды құрады, халықаралық маршруттық желілер 161 бағытқа дейін көбейді.

Қол жеткізілген нәтижелер халықаралық стандарттарды дәйекті түрде енгізудің және қазақстандық мамандардың жоғары кәсібилігінің нәтижесінде мүмкін болып отыр. Саланың әлеуетін одан әрі ашу үшін Қазақстанның азаматтық авиациясын дамытудың 2050 жылға дейінгі мастер-жоспарының (CAMP-2050) маңыздылығы атап өтілді. Құжат саланы жаңғырту, авиациялық хабтарды қалыптастыру және Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттырудың стратегиялық бағыттарын айқындайды.

Кездесу қортындысында Олжас Бектенов пен Хуан Карлос Саласар қауіпсіздікті одан әрі күшейту және азаматтық авиацияның орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан мен ICAO арасындағы ынтымақтастықты нығайту және бірлескен күш-жігерді біріктіру ниеттерін растады.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#авиация #Олжас Бектенов #Хуан Карлос Саласар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан десе ойға не келеді? Алматы тұрғындары мен қонақтарының жауабы

Бүгін 12:00

Экологиялық әдетті мектептен қалыптастыру: Алматы оқушылары қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды жинап, ағаш екті

Бүгін 11:36

Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды

Бүгін 11:34

Алматыда Ақсай-1А тұрғындарының жерлерін заңсыз сату ісі бойынша үкім шығарылды

Бүгін 10:42

Алматылық 2000 оқушы Республика күніне арналған жаңа әнді орындады

Бүгін 10:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);